26 Шілде, 2013

Испанияда ірі теміржол апаты орын алды

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Испания железнодорожная авария 2

Сәрсенбі күні Испанияда ірі теміржол апаты орын алды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлап отыр.

Испания астанасы Мадридтен елдің солтүстік шығысында орналасқан Ферроль қаласына бағыт алған жолаушылар пойызы Галисия Сантьяго-де-Компостела әкімшілік орталығының стансасына жете бергенде белгісіз жағдайлармен рельстен шығып кеткен. Бірнеше вагон аударылып, оның бірінен өрт шыққан. Апат салдарынан 80 адам қаза тауып, 178 жолаушы жарақат алды.

Апаттың орын алу себебі анықталып, пойыз машинисі 52 жасар Франсиско Хосе Гарсон дәл аурухананың ішінде тұтқынға алынды. Өйткені ол қауіпті бұрылыстан екі есе жоғары жылдамдықпен өтуге шешім қабылдаған көрінеді. Қате шешімнің нәтижесінде пойыз рельстен шығып кетіп қабырғаға соғылған.

Айдар Өрісбаев.