Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2019

Алматы облысында ауыл тұрғынынан марихуана тәркіленді

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облыстық Полиция департаменті Есірткіге қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері мен Көксу аудандық полиция қызметкерлері Қаратал ауылының тұрғынын ұстады.

Алматы облысында ауыл тұрғынынан марихуана тәркіленді

25 жастағы азамат ұзақ уақыт бойына есірткі саудасымен айналысқан екен. Тінту нәтижесінде тұрғынның үйінен 33 грамм марихуана және отқару мен оқ-дәрі табылды.

- Табылған аңшы қаруының есептік нөмірі қолмен өшірілген. Үй иесі қаруды және елуден астам оқты мұздатқышқа мұқият орап жасырыпты. Сұрақ-жауап кезінде қаруды қайдан алғанын түсіндіре алмады. Қазір оған есірткі саудасымен айналысу және суық қаруды заңсыз сақтау баптары бойынша айып тағылды, - делінген облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

 

Алматы облысы