Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2019

Алматы облысындағы ауылда дәрігерлік амбулатория ашылды

631 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәуелсіздік күні қарсаңында Ұйғыр ауданындағы Қалжат ауылында жаңадан салынған медициналық нысан қолданысқа берілді.

Алматы облысындағы ауылда дәрігерлік амбулатория ашылды

Бір мезетте 25 адамға қызмет көрсететін дәрігерлік амбулатория құрылысына облыстық бюджеттен 170 млн 207 мың теңге бөлінген болатын.

- Қалжат ауылында 2424 адам тұрады. Бұған дейін ескі ғимаратта жұмыс істеп келдік. Жаңа амбулатория қызмет сапасын жақсартады. Мұнда 12 маман, оның ішінде 1 дәрігер, 8 медициналық қызметкер бар. Жабдықталуы жақсы. Дәрігерге дейінгі қабылдау, терапевтік, педиатриялық, егу, емшара, хирургиялық, басқа да кабинеттер ашылды, - дейді аға дәрігер Саутахун Масутов.

 

Алматы облысы