Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2019

Алматы әлемдік қалалар қатарына қосылады

246 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Оның алғашқы қадамдары жасала бастады. Алматыға алғашқы электроавтобустар әкелініп, оның алғашқы бөлігі шаһарда тұрақты қатынайтын болды. Аумағы 702,2 шаршы шақырымды құрайтын оңтүстік мегополисті құрайтын шаһардың тұрғындары бүгінде 1,9 миллионға жетіп, соған орай, қаланың да даму қарқыны күн санап көркейіп жарқырап гүлденген бойы  өсе түсуде.

Алматы әлемдік қалалар қатарына қосылады

Елбасының аумақтарды дамытудың жаңа бағдарламаларын жасау тапсырмаларына сәйкес, қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтің басшылығымен әзірленіп, көпшілік талқысына ұсынылған «Алматы – 2050» ұзақ мерзімді Даму стратегиясының жобасы белгілі сарапшылар мен экономист ғалымдардың  бастап қатардағы қарапайым алматылықтардың ерекше қызығушылығын туғызып отыр.

Бұл маңызды құжаттағы стратегилық 7 басымдықтың басты мақсаты – әлемдегі үздік смарт – тәжірибелерді қолдану арқылы ғаламдық «Ақылды» қала жасау. Бұл күндері көлемі жағынан Сингапур, Люксенбург, Бруней, Кипр сияқты кейбір шағын мемлекеттердің аумағынан артық жерді алып жатқан Алматыны ғаламдық деңгейдегі «Ақылды» қала жасау өздігінен бола қалатын дүние емес. Бұл үшін «Алматы – 2050» стратегиясында аталған: орталық пен шет аудандардың әрқилы дамуы және өмір сүру деңгейіндегі алшақтық; әлеуметтік теңсіздік бойынша, мұнда 520 мыңдай автокөлік тіркелген. Одан бөлек, сырттан 250 мыңдай машина кіріп-шығады деп «№1 Aimaty EIektoavtobus parki»ЖШС бас директоры Петр Смехович айтқанындай, үлкен өрлеу жұмыстары қолға алынған деп айтар едік.

Осы мақсатпен биылғы 14 қарашадан бастап Алматы көшелерінде «FaIcon EvroBus» компаниясының қазақ-неміс әріптестерімен бірлесе жасаған алғашқы электравтобустарымен өз қызметтерін көрсете бастады. Бүгінге дейін  Төле би көшесінің бойындағы №206 маршрутта жүрген 10 электравтобустар 175 мындай жолаушы тасымалдап үлгерді. Сөйтіп, Алматы  әлемдік қалалар қатарына қосыла бастады.

 

АЛМАТЫ