Руханият • 15 Желтоқсан, 2019

Алматыда Абай клубы ашылды

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында ұлы ақынды халқына жақындастыра түсудің,  мұраларының тынысын ашып, игілікке жаратудың тағы бір ірі қадамы жасалды.

Алматыда Абай клубы ашылды

Қазақстан Жазушылары кітапханасында Абай клубының ресми ашылуы өтті. Салтанатты рәсімге қатысқан Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Абайтану бөлімінің меңгерушісі, профессор Серікқазы Қорабай, әдебиеттанушы ғалым, Абай атындағы ҚазҰПУ-дiң профессоры Марат Бекбосын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, танымал ақын Мұратхан Шоқан, кітапхана меңгерушісі Елена Ағайса «Абай» клубының лентасын қиды.

Мерекелік іс-шараны Серікқазы Қорабай жүргізді. Жиын барысында әдебиеттанушылар мен ақын-жазушылар, Абайдың ағасы Тәкежанның бесінші ұрпағы, Алматы қаласы әкімдігі «Тілдерді дамыту және латын графикасына көшу» бөлімінің бас маманы Еркежан Сейтқазы тың ойларын ортаға салды.

«Абай әлі де насихатталуы» керек екенін айтты. Әсіресе, өскелең ұрпақ ұлы ақын туралы білуі тиіс.

Жастар хакім Абайдың өлеңдері мен қарасөздерін оқып, әндерін шырқап, көріністер көрсетті. Кітапхана меңгерушісі Абайдың шығармаларына арналған кітап көрмесімен таныстырып, Абайдың қара сөздерінен мысал келтіріп, клуб жұмысына сәттілік тіледі.

 

АЛМАТЫ