Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2019

Қарағандыда мемлекеттік наградалармен марапаттау салтанаты өтті

286 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Кеншілер астанасындағы С.Сейфуллин атындағы қазақ академиялық драма театрында Қарағанды облысының бір топ тұрғынына Қазақстан Президентінің Жарлығымен қол қойылған мемлекеттік наградалар табыс етілді.

Қарағандыда мемлекеттік наградалармен марапаттау салтанаты өтті

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақстанның Еңбек Ері» жоғары дәрежелі ерекше атақ «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы тау-кен өндірістік кешенінің «Жезқазғантүстімет» ӨБ үңгушісі Тұрсынбек Мәкішевке берілді.

Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Сатбаев қаласындағы еңбек ардагері Мұхамбет Көпеев II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.

«Парасат» орденіне қарағандылық Қайыржан Бекішев пен «Алтай Полиметалы» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы Руслан Юн ие болды.

«LITUANICA» ҚБ төрағасы Виталий Тварионас ІІ дәрежелі «Достық» орденінің иегері атанды.

«Құрмет» орденімен марапатталғандар:

Қадырбек Әбдіров, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК бас энергетигі;

Мадина Апиева, Қарағанды облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары;

Вадим Басин, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры;

Марат Бекишев, «№2 өнер мектебі» КМҚК оқытушысы;

Марат Жандәулетов, Қарағанды облысы Шет ауданының әкімі;

Марат Ибатов, «Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті» РМК ректоры;

Болат Кенжин, «МашЗавод № 1» ЖШС директоры;

Қани Мұсұлманбекова, еңбек ардагері;

Орал Надыров, еңбек ардагері.

ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталғандар:

Еркебұлан Айғалиев, «Kazakhmys Smelting» ЖШС Балқаш мыс балқыту зауытының балқытушысы;

Төлеген Баймаханбетов, «Kazakhmys Coal» ЖШС экскаватор машинисі;

Сергей Краснощеков, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Т.Күзембаев атындағы тау-кен шахтасының жұмысшысы;

Еркін Мүслімов, «Қарой» ЖШС механизаторы;

Әубәкір Тоқмағамбетов, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ домна пешінің көрікшісі;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталғандар:

Сержан Аймақов, Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімі;

Бейсембай Айсанов, еңбек ардагері;

Айдын Албақай, «Жәке» ШҚ басшысы, Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы;

Әдия Әлімбаева, «Қазақтелеком» АҚ филиалының бас бизнес-сарапшысы;

Сағынжан Апақашов, «Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ басшысы;

Төлеген Арконов, еңбек ардагері;

Анатолий Баринов, еңбек ардагері;

Құралай Бекмағамбетова, еңбек ардагері;

Иван Георгиади, «Имсталькон-Теміртау» ЖШС директоры;

Таисия Грошева , Қарағанды қалалық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары;

Рустам Дүсіпов, «Sary-Arka Copper Processing» ЖШС директоры;

Жаныбек Жаманқұлов, еңбек ардагері;

Владимир Жуков, «Перспектива» ғылыми-өндірістік бірлестігі» ЖШС директоры;

Кәмел Жүністегі, еңбек ардагері;

Байжол Кәріпбаев, «Қазақстан азаматтары» ҚБ журналының бас редакторы;

Бижамал Кемалова, «С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры» КМҚК әртісі;

Раушан Киманова, еңбек ардагері;

Болат Қожақпаев, жеке кәсіпкер;

Андрей Ляпунов, «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС Бас директоры;

Риза Мүкеева, Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары;

Ержан Нұрлыбаев, «Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысы;

Күліш Төлеуханова, еңбек ардагері;

Алмакүл Өсерова, еңбек ардагері;

Владимир Шакенов, еңбек ардагері;

«Шапағат» медалімен марапатталғандар:

Минниагзам Авлияров, «Авляров М.А.» ШҚ басшысы;

Марат Байманов, «Шахтинск қаласының орталық ауруханасы» КМК директоры;

Марат Дүкенбаев, «Ұлытау ауданының орталық аудандық ауруханасы» КМК балалар дәрігері;

Еркін-Дәуір Құрманғалиев, «Профессор Х.Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия орталығы» КМК директоры;

Назар-Махмұд Нұров, Қарағанды қаласы Бала қажы мешітінің бас имамы.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына ие болғандар:

Петр Грибанов, «Қ.Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігі» КМҚК симфониялық оркестрінің бас дирижері;

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталғандар:

Қабдумуталак Жақыпов, «Өркен» ЖШС жүргізушісі;

Өмір Жұматаев, «Тұрғын үй-коммуналдық реформалау басқармасы» КМК қазандық бастығы;

Мүгүлсім Есмұрзаева, еңбек ардагері;

Сәлім Ізтілеуов, «Қ.Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігі» КМҚК әртісі;

Ляззат Керімбекова, «Жезқазған қаласының № 8 қазақ гимназиясы» КММ оқытушысы;

Нұрлан Күлшікенов, «Ақтоғай мәдени-сауық орталығы» КМҚК директоры;

Манат Құрманғалиев, «Бұқар Жырау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы;

Анатолий Ошков, «Надежда НВ» ЖШС директоры;

Людмила Феоктистова, «Саран қаласының Мәдениет үйі» КМҚК директоры.

«Қарағанды облысының құрметті тұрғындары» атағына «Шахтерское» ЖШС басшысы Георгий Прокоп, еңбек ардагерлері Зейнолла Молдахметов және Дүйсебек Сағадат ие болды. 

 

Қарағанды облысы