Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2019

Қарағандыда 27 түлек жас мемлекеттік қызметші мектебін бітірді

20 реткөрсетілді

Кеншілер астанасындағы Good Zone коворкинг орталығында жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің түлектеріне диплом тапсыру салтанаты өтті.

Оларды Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Айгүл Байханова мен Қарағанды облыстық Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы Нұржан Жетпісбаев құттықтады.

Өңір жастарының жетекшісі Нұржан Жетпісбаев аталған жобаның жастар арасында мемлекеттік қызметті насихаттауға көмектесетінін атап өтті.

– Қарағандыда жас мемлекеттік қызметшілер мектебі 12 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Аталған жоба студенттердің ең талантты және болашағы бар өкілдеріне сенім артады. Мектеп жұмыс істеген уақыт аралығында 300-ден астам оқушы сынақтан сәтті өтті. Қазіргі таңда оның 85-і мемлекеттік қызметте жұмыс істеп жүр, – дейді ол.

Биыл диплом алған 27 түлек «Экономиканы мемлекеттік реттеу», «Құқықтық реттеу», «Қоғаммен байланыс» және «Кәсіпкерлік негіздері» бағыттары бойынша тағылымдамадан өтті.

 

Қарағанды облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Дзюдо: Бүгін жүлде бұйырмады

Күрес • 24 Қаңтар, 2020

Президент әкімдермен кеңес өткізді

Президент • 24 Қаңтар, 2020

Ұқсас жаңалықтар