Футбол • 16 Желтоқсан, 2019

«Астана» маусымды аяқтады

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорданың «Астана» футбол клубы Еу­ропа лигасының топтық кезеңіндегі соңғы ойынын Белградта жергілікті «Партизан» командасына қарсы өткізіп, 4:1 есебімен жеңіліп қалды. Бұл «Астана» үшін осы маусымдағы соңғы ойын болатын.

«Астана» маусымды аяқтады

Кездесудің бірінші таймында «Партизан» командасынан Сума Сейдуба, Умар Садик, Такума Аса­но мергендігімен көзге түссе. Екінші таймда Умар Садик дубль авторы атанып, ойынның нүк­­тесін қойды. Ал «Астана» сапынан Дорин Рота­риу алаң иелерінің 4 голына 1 голмен жауап қат­ты. Осылайша, елорда командасы биылғы Еуро­маусымды жеңіспен бастап, жеңіліспен аяқ­тады. Естеріңізде болса, «Астана» шілде айын­да Румынияның ЧФР Клуж командасын 1:0 есе­бімен жеңіп, Еурододаны сәтті бастаған болатын.

Топтық кезеңде алты ойын өткізген «Ас­тана» бес ойында қарсыластарына есе жібе­ріп, небары бір-ақ ойында жеңіске жетті. Үш ұпай жинаған жерлестеріміз топта ең соңғы орынды иеленді. Ал «Манчестер Юнайтед» пен АЗ командасы бірінші және екінші орынмен Еуропа лигасының 1/16 кезеңіне шықса, үшінші орын алған «Партизан» мен «Астана» Еуропадағы жорығын аяқтады.