Осы орайда Отанға деген сүйіспеншілігін жалпықазақстандық челленджі арқылы білдіруге барша қазақстандық жұмыла кірісті. Алматылықтар да ҚР Тәуелсіздік мерекесі құрметіне басталған «Мен қазақпын» челленджін қолдады.
Елімізде басталған челлендж аясында 16 желтоқсан күні Республика алаңында қала әкімшілігінің басшылығы, Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің қызметкерлері, Ардагерлер кеңесі, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының өкілдері, ҚХА мүшелері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері және тағы басқалар «Мен қазақпын» әнін шырқады.
АЛМАТЫ