1921-1925 жылдары Семей қаласындағы балалар коммунасына қазақ тiлiнен сабақ бередi, қазақ бастауыш мектебiнiң меңгерушiсi болып iстейдi. Ара-тұра ауылға барып, әке-шешесiнiң шаруашылығына көмектесiп тұруды да естен шығармайды. қоғамдық жұмыстарға атсалысуы осы кездерден басталады. Большевиктер қатарына өтедi. Iскер де бiлгiр басшы ретiнде 1925 жылғы қыркүйек айында өскемен БК(б)П уездiк комитетiнiң ұйымдастыру бөлiмiнiң меңгерушiлiгiне жоғарылатылады. Бұл қызметте екi жылдай iстеп, 1927 жылы Мәскеуге оқуға аттанады. 1930-1933 жылдары Алматы облысындағы Жаркент және Сыр өңiрiндегi Қызылорда аудандық партия комитеттерiнiң хатшысы болып iстейдi.
1932 жылғы 14 тамызда “Ауыл коммунисi” (қазiргi “Ақиқат”) журналының жауапты редакторы болып бекiтiледi. Ал 1932 жылдың сәуiрiнен 1934 жылдың наурызына дейiн “Социалистiк Қазақстан” газетiнiң жауапты редакторы болады.
1934 жылы қайтадан партиялық жұмысқа ауыстырылады. Алғаш БК(б)П Қарағанды облыстық комитетiнiң екiншi хатшысы болып iстейдi де, кейiн облыстық атқару комитетiнiң төрағалығына сайланады. Бұл қызметте екi жылдай болады. 1936 жылы Ақтөбеге жiберiледi. Сөйтiп БК(б)П облыстық комитетiнiң бiрiншi хатшысы болып iстейдi.
1937 жылы тұтқынға алынып, 1938 жылғы 15 ақпанда КСРО Жоғары Сотының әскери алқасы ату жазасына кестi. Үкiм орындалды. 1960 жылғы наурызда Айтмұхамед Мусин ақталды.