1939 жылы ВКП (б) Орталық Комитетiнiң жанындағы курсты бiтiргеннен кейiн Б.Асанов “Социалистiк Қазақстан” газетi редакторының орынбасары болып жұмыс iстедi. 1940-1942 жылдары Алматы қалалық партия комитетiнiң хатшысы, одан кейiн «Социалистiк Қазақстан» газетiнiң редакторы болды.
Б.Асанов 1949 жылы Семей қалалық партия комитетiнiң бiрiншi секретары болып сайланды. 1952 жылы ВКП(б) Орталық Комитетiнiң жанындағы Жоғары партия мектебiн бiтiрген соң төрт жыл бойы Семей облыстық кәсiподақтар кеңесiнiң төрағасы болып iстедi, одан кейiн Солтүстiк Қазақстан облыстық «Ленин туы» газетiнiң редакторы, «Социалистiк Қазақстан» газетiнiң Қарағанды облысындағы меншiктi тiлшiсi қызметтерiн атқарды.
Б.Асанов Еңбек Қызыл Ту, Құрмет Белгiсi ордендерiмен және бiрнеше медальмен наградталған.