Қоғам • 18 Желтоқсан, 2019

Алматыда тегін мұз айдындары ашылды

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Тұңғыш Президент саябағында, 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ пен Наурызбай ауданы әкімдігінің алдында тегін мұз айдындары ашылды. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram-дағы парақшасында жазды.

Алматыда тегін мұз айдындары ашылды

«Алматылықтар Тұңғыш Президент саябағында, 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ пен Наурызбай ауданы әкімдігінің алдында ашылған тегін мұз айдындарында болды. Түрксіб ауданындағы «MART» сауда үйінің алдында тағы бір мұз айдыны ашылады. Сырғанау алаңдарының жалпы аумағы - шамамен 12 мың м². Бұл - Медеу мұз айдынындағы мұздың бетіне қарағанда 1,5 мың м² артық», деп жазды Бақытжан Сағынтаев Instagram-дағы парақшасында.

Қала әкімінің айтуынша, мұз арнайы салқындатқыш машиналардың көмегімен қалпын сақтап тұрады. Сол себепті Алматының құбылмалы ауа райы мұздың еріп кетуіне кедергі келтірмейді. Сырғанау алаңдары 10 наурызға дейін жұмыс істейтін болады. Мұз айдынында сағат 10:30-дан 23-ге дейін жалға беру пункттері жұмыс істейді.

«Көп уақытыңызды балалар мен отбасыңызға, достарыңызбен жақындарыңызға бөлгеніңіз абзал. Айналаңызға көңілді көңіл-күй сыйлай біліңіз. Жаңа жылдық көңіл-күй көтеріңкі болсын», делінген жазбада.