Қазақстан • 18 Желтоқсан, 2019

Нұр-Сұлтанда «Бір әлем – бір өмір» халықаралық жастар балы өтеді

12 рет көрсетілді

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық даму істері басқармасының ұйымдастыруымен Жастар жылы аясында «Бір әлем – бір өмір» «ONE WORLD – ONE LIFE» атты Халықаралық жастар балы өтеді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Жобаның мақсаты қасиетті де киелі қазақ елінің тамыры тереңге жайылған тарихын, өнеге тұнған салт-дәстүрін, сәулеті мен дәулеті күн санап дамып келе жатқан Елордасын дүниежүзіне таныстыру.

Сондай-ақ жігерлі жастардың бас қосуы арқылы жаһандық мәселелер жай-күйін шешуге үндеу жасау, нәтижелі қайырымдылық шараларын жүзеге асыру, игі шаралардың санын арттыру көзделіп отыр.  Елорда  жастары мен әлем жастары көпшілік назарына «Полонезадан» бастап, «Жастар вальсіне» дейін барлық би түрлерін ұсынатын болады. Әр түрлі сала мамандары дәрігерлер, мұғалімдер мен мемлекеттік қызметкерлер, журналистер, өндірістің қызметкерлері және т.б құралған елордалық жастар бір ай көлемінде түрлі қайырымдылық жұмыстарымен айналысты. Олар қарттар үйі мен балалар үйінде рухани кеш ұйымдастырып, «Жүректен жүрекке» акциясы аясында әлеуметтік жағдайы төмен 100 отбасыға материалдық көмек көрсетті.

Биыл Нұр-Сұлтан қаласы жастарымен бірге балдың халықаралық деңгейін айқындайтын Ресей, Қытай, Нигерия, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Украина, Индонезия, Венесуэла елдерінен дебютанттар қатысады деп күтілуде.

Сонымен қатар «ONE WORLD – ONE LIFE» жобасы еліміздің танымал, мәдениет және қоғам қайраткерлерінің қатысуымен өтеді. Кеште дебютанаттармен бірге отандық және халықаралық танымал жұлдыздар өнер көрсететін болады.


Соңғы жаңалықтар

COVID-19: Хаттамаға өзгеріс қажет пе?

Қазақстан • Бүгін, 09:25

Ел жүрегі – елорда

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар