Қазақстан • 18 Желтоқсан, 2019

Алматыдағы метро аялдамаларында лаңкестік әрекеттердегі іс-қимылдарға қатысты акция өтті

165 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы қаласының Қоғамдық даму басқармасының «Мониторинг және талдау орталығының» бастамасымен «Райымбек батыр», «Абай», «Мәскеу» метро аялдамаларында «Лаңкестік шабуыл кезінде қалай әрекет ету керек?» акциясы өтіп, онда ақпараттық материалдар таратылып, мамандар түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Алматыдағы метро аялдамаларында лаңкестік әрекеттердегі іс-қимылдарға қатысты акция өтті

Терроризм бүгінде халықаралық деңгейде әлем елдеріне қауіп төндіріп отырғаны белгілі. Шараға еріктілер ретінде Алматы энергетика және байланыс университетінің студенттері қатысты.

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының бастамасымен ағымдағы жылы  «Мониторинг және талдау орталығы» қаланың мешіттерінде, мемлекеттік және бюджеттік ұйымдарда және өндіріс кәсіпорындарында дін саласындағы мемлекет саясаты туралы 600-ден астам ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды.

Қоғамдық процесстерді зерттеу және талдау орталығы» қоғамдық қорының атқарушы директоры, дінтанушы Толғанай Мұстафина «Мешіт жамағаттарының өзінде ешбір қауіп болуы мүмкін емес. Бірақ қыз-келіншектер діни білімге, діни талаптарға сәйкес өмір сүруге қызығушылық білдіре отырып, өздерінің болашақтарын діндегі азаматтармен байланыстыруға тырысады. Ол ізденіс әдетте мешіттен тыс ортада, көп жағдайда ғаламтор кеңістігінде жүзеге асады. Міне, осы кезде діни білімін енді алып жатқан жас қыз немесе келіншек оң мен солды ажырата алмау қаупі бар. Мәселе жас қыз-келіншектердің дәрменсіздігінде емес, деструктивті идеологияның әр түрлі формада келіп ықпал етуінде. Сондықтан  біз мешіттен діни сауаттылығын арттыруға келетін қыз-келіншектермен психологтарды тарту арқылы түрлі тренингтер, зайырлы мемлекеттегі мемлекет пен діннің ара-қатынасы реттелуінің ерекшеліктерін түсіндіруге бағытталған профилактикалық сұхбаттар өткіземіз» дейді.

«Мониторинг және талдау орталығы» деректеріне сүйенсек, дұрыс бағыттағы діни тәрбие, терең білім бүгінгі қоғамға аса қажет. Осы бағытта елімізде қыз-келіншектерге арнайы діни білім беретін 6 білім шаңырағы, яғни Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты 5 орта арнаулы оқу орындары  жұмыс істейді. Одан өзге 900-ден астам мешітте арнайы тегін білім беру курстары болса, оның барлығында да әйелдер жамағатына алғашқы сауат ашу дәрістері қамтылған. Соған қарамастан әйелдер қауымының дінге бет бұруында жат ағымға кетуден сақтандыру шарасы мемлекеттік дін саясатының бір тармағына айналды.

 

АЛМАТЫ