Қоғам • 18 Желтоқсан, 2019

Алматыда Орталық Азияда су ресурстарын пайдалануға байланысты өңірлік конференция өтуде

608 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Су ресурстарын тұрақты басқару жүйесіндегі инновациялық тәсілдер және шешімдер және оларды Орталық Азия жағдайында пайдалану мүмкіндіктері» конференциясында өңірлік су серіктестігі ұйымдарының халықаралық ынтымақтастығын дамыта отырып,  Арал теңізі алқабында жер және су ресурстарын орнықты басқарудың әртүрлі әдіс-тәсілдерімен, озық технологияларымен және тәжірибелерімен танысуға жиналған қазақстандық және шетел мамандары Арал теңізінің құрғақ аудандарын өңірлік басқаруды жақсарту, алдыңғы мемлекетаралық шешімдердің басымдықтары мен негізгі қағидаларына сәйкес сумен жабдықтау жүйесіндегі түйткілді мәселелерді талқылауда.

Алматыда Орталық Азияда су ресурстарын пайдалануға байланысты өңірлік конференция өтуде

Конференция Еуразия континенті ынтымақтастығы аясындағы тәжірибе алмасу, сондай-ақ су ресурстары саласындағы екіжақты және көпжақты желілер мен тәжірибелік қоғамдастықтарды қолдау,  су ағысының жылдамдығы мен көлемін түсіну, мониторинг жасау, Арал теңізі аудандарында сумен қамтамасыз ету процесстерін жетілдіру, карталарын құрастыру және заманауи ғарыштық қашықтық технологиялар саласындағы мәселелерді де қарастыру жоспарланған.

Мамандар өңірлік диалогты дамытып, тәжірибе алмасу арқылы технологиялар мен жүйелерді зерттеп, Орталық Азия халқының әл-ауқатын жақсарту мақсатында инвестициялық жобаларға да назар аударатын болады.

 

АЛМАТЫ