Қоғам • 18 Желтоқсан, 2019

Алматыда табысын жасырған 32 кәсіпорын анықталды

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы Көлік прокуратурасы табысын жасырған 32 көлік компаниясын анықтады.

Алматыда табысын жасырған 32 кәсіпорын анықталды

Тиісті орган жүргізген мониторинг барысында бұл кәсіпорындар бюджетке салық төлемеу мақсатында табысын төмендетіп көрсеткен деректер анықталып отыр. Қосымша құн салығы мен корпоративті салық бойынша тауардан түскен түсімді төмен бағамен көрсеткен салық есептерінен заң бұзушылықтар анықталған.

Тиісті орган мәліметтері бойынша, ҚР Ата заңының 35-ші бабына сәйкес заңмен белгіленген салықты, басқа да төлемдерді төлеу әрбір азаматтың парызы болып табылады. Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан кәсіпкерлердің атына орын алған заң бұзушылықтарға байланысты хабарлама жіберілген. Қазіргі кезде кәсіпкерлер 264,7 млн теңгенің қосымша салық есептерін өткізген.

 

АЛМАТЫ