«Жоба аяқталады. Президенттің тапсырмасы бойынша LRT құрылысы жобасын едәуір оңтайландырдық. Қабылданған шаралардың нәтижесінде шығындарды үнемдеу шамамен 1,2 млрд долларды құрайды, оның ішінде: несиеге қызмет көрсету бойынша үнемдеу 800 миллион доллардан асады, құрылыс-монтаж жұмыстарына үнемдеу - 350 миллион долларды құрайды. Аялдама бекеттері 18-ден 11-ге дейін, жылжымалы құрам 19-дан 12 дейін қысқартылды, пойызды күту аралығын 10 минутқа дейін арттырып, жаяу жүргіншілер мен жерасты өткелдерін оңтайландырамыз», деді А.Көлгінов.
Қытайдың Даму Банкіндегі қарыз толықтай өтелді, сондай-ақ Консорциум алдындағы қарызды өтеуге қаражат жұмсалды. Облигациялық қарыз қаражаты тартылды.