27 Шілде, 2013

Білімді мен біліктіні таңдау

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасымыз өзінің халыққа арнаған Жолдауларында білім-ғылым саласына ерекше көңіл бөліп келеді. Ол орынды да. Өйткені, кез келген елдің болашағы білімге тәуелді.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында талапкерлерді кешенді тесті­­­леу тамыз айының 19-22 аралы­ғында өтті. Биылғы жылғы сынақ нәти­жесінде былтырғы жылғы көрсеткіш­пен салыстырғанда, аралық алшақтық байқалған жоқ. Кешенді тестілеуге өтініш бергендер санының артқандығы байқалып отыр. Төрт лек бойынша 3752 талапкер сынақ тапсырса, оның ішінде шығармашылық мамандықтар бойынша 420 талапкер сыннан өтті.

Университетімізде ҰБТ және ке­шенді тестілеу алдында мақсатты жұ­мыстар жасалған болатын. Талапкерлер үшін қысқа және ұзақ мерзімді да­йындық курстары ұйымдастырылды. Та­лапкерлерді кешенді тестілеуде ең жоғары көрсеткіш 100 балл болса, талапкер Сұлтан Қанатов 95 балл жинап, жоғары нәтижеге ие болды.

Талапкерлерді кешенді тестілеу барлық талаптарға сай жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Талапкерлердің білім сынағын тапсыруына университет, мемлекеттік комиссия, Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, ішкі істер қызметі, қауіпсіздік органдары, медицина саласының мамандары тарапынан барлық жағдайлар жасалды. Шекті балл жинай алмаған талапкерлер бір жылдан кейін қайтадан тапсыруға мүмкіндік алады. Талапкерлерді кешенді тестілеу білім сапасын айқындауда, бүгінгі таңда маман даярлауда, яғни жоғары оқу орнында оқуға лайықты білім алатын студент таңдауда өз нәтижесін береріне сенімдіміз.

Рита СҰЛТАНҒАЛИЕВА,

М.Өтемісов атындағы БҚМУ баспасөз хатшысы.

Орал.