2013 жылғы 28 ақпан, Астана, Үкімет Үйі
Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін және нарығын басқару жүйелерін субсидиялау қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін және нарығын басқару жүйелерін субсидиялау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., №44, 401-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiнде:
реттік нөмірі 267-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін және нарығын басқару жүйелерін субсидиялау»;
2) «Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы №1108 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 973-құжат):
1-тармақтың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«17) «Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін және нарығын басқару жүйелерін субсидиялау» мемлекеттік қызмет стандарты;»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы өнiмдерi өндiрiсiн басқару жүйелерiн субсидиялау» мемлекеттiк қызмет стандартында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін және нарығын басқару жүйелерін субсидиялау» мемлекеттік қызмет стандарты»;
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бағдарлама – тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiк бағдарлама;»;
3-тармақта:
2) тармақша алынып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бекітілетін Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін және нарығын басқару жүйелерін субсидиялау қағидаларының негізінде көрсетіледі.»;
11-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) заңды тұлғалар үшін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшірмелері немесе жеке тұлғалар үшін дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері не салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсынған кезде олардың көшірмелері;
ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін қолданыста болады;»;
«Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
«Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін және нарығын басқару жүйелерін субсидиялау».
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 ақпандағы №202 қаулысымен бекітілген
Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін және нарығын
басқару жүйелерін субсидиялау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін және нарығын басқару жүйелерін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және халық
аралық стандартты (халықаралық стандарттарды) енгізу және оның (олардың) сәйкестігін сертификаттау бойынша агроөнеркәсіптік кешені субъектілерінің шығындарын 2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджетте 051 «Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау қағидалары» бюджеттік бағдарламасы (бұдан әрі – бюджеттік бағдарлама) шеңберінде көзделген қаражат шегінде, ал келесі қаржы жылдары тиісті бюджеттік бағдарламаларда көзделген қаражат есебінен және шегінде субсидиялау тәртібін айқындайды.
2. Субсидиялау мақсаты агроөнеркәсіптік кешенде бәсекеге қабілетті өндірістерді қалыптастыруға және дамытуға, оларды жаңғыртуға және халықаралық сапа менеджменті жүйелеріне өткізуге жағдайлар жасау болып табылады.
3. Субсидиялауға ИСО 9001, ИСО 22000 және ХАССП халықаралық стандартын (халықаралық стандарттарын) енгізген және оның (олардың) сәйкестігіне сертификатталған агроөнеркәсіптік кешен субъектілері жатады.
4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
2) субсидиялауға қатысушы – бюджеттік бағдарламаны іске асыруға қатысатын агроөнеркәсіптік кешен субъектісі;
3) ИСО (ағылш. ISO – International Standard for Organization) халықаралық стандарты – стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдардың дүниежүзілік федерациясы әзірлеген және қабылдаған халықаралық стандарт;
4) сәйкестікті растау жөніндегі орган – сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға;
5) тартылған консультант – халықаралық стандартты (халықаралық стандарттарды) енгізу жөніндегі консалтингтік (консультациялық) қызметтерді жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға;
6) халықаралық стандарт – стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың қалың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт;
7) ХАССП (ағылш. HACCP – Hazard Analysis and Critical Control Points) – тәуекелдерді және сыни бақылау нүктелерін талдау үшін әзірленген және қабылданған халықаралық стандарт.
5. Құжаттарды қарау, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін субсидиялауға қатысушыларды анықтау және субсидияларды бөлу үшін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі құрамында комиссияның төрағасы, мүшелері мен хатшысы болатын комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады.
6. Комиссия құрамы бюджеттік бағдарлама әкімшісінің жауапты хатшысының бұйрығымен бекітіледі.
Комиссия құрамына бюджеттік бағдарлама әкімшісінің мүдделі құрылымдық бөлімшілерінің өкілдері кіреді, бұл ретте Комиссияның сандық құрамы тақ және кемінде бес адам болуы тиіс. Комиссия хатшысы Комиссия мүшесі болып табылмайды.
2. Субсидияларды ұсыну шарттары
7. Субсидиялар ИСО 9001, ИСО 22000 және ХАССП бір немесе бірнеше халықаралық стандарттарды енгізгені және олардың сәйкестігіне сертификаттағаны үшін Қазақстан Республикасының резиденті (заңды тұлғалар үшін) немесе Қазақстан Республикасының азаматтары (жеке тұлғалар үшін) болып табылатын субсидиялауға қатысушыларға төленеді.
8. Республикалық бюджеттен төленетін қаражат сомасы халықаралық стандартты (халықаралық стандарттарды) енгізу және оның (олардың) сәйкестігін сертификаттау жөніндегі жобаның бүкіл құнынан субсидиялауға қатысушы шығынының 50 %-ынан аспайды.
Егер барлық субсидия алушылардың субсидиялауға жататын шығындарының сомасы бөлінген қаражат сомасынан асып түскен жағдайда, онда қаражат субсидияларды алушылардың барлығының шығындарының жалпы сомасындағы субсидияларды алушы шығындарының үлесіне пропорционалды бөлінеді.
9. Субсидияларды төлеу тиісті жылы енгізілген халықаралық стандарттар үшін жүзеге асырылады. Бұл ретте, енгізу мен сертификаттау тиісті жылдың 19 қарашасына дейін аяқталуы тиіс.
3. Қажетті құжаттар тізбесі
10. Субсидиялар алу үшін субсидиялауға қатысушы бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне мынадай растайтын құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша халықаралық стандартты (халықаралық стандарттарды) енгізу және оның (олардың) сәйкестігін сертификаттау жөніндегі субсидияға қатысушының шығындарын субсидиялауға арналған өтінім;
2) заңды тұлғалар үшін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктердің немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшірмесі* немесе жеке тұлғалар үшін дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсынған кезде оларды
ң нотариалды куәландырылған көшірмелері;
ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін қолданыста болады;
3) заңды тұлға немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін бизнес-сәйкестендіру нөмірінің нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе жеке тұлға, оның ішінде өзіндік кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін жеке сәйкестендіру нөмірі не салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқасын мiндеттi түрде ұсынған кезде олардың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
4) субсидиялауға қатысушы мен сәйкестікті растау жөніндегі орган арасындағы сертификаттауды жүргізу туралы шарттың түпнұсқасы, не салыстырып тексеру үшiн құжаттың түпнұсқасын мiндеттi түрде ұсынған кезде оның көшірмесі не оның нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) субсидиялауға қатысушы мен тартылған консультант (консультантты тартқан жағдайда) арасында жасалған шарттың түпнұсқасы не салыстырып тексеру үшiн құжаттың түпнұсқасын мiндеттi түрде ұсынған кезде оның нотариалды куәландырылған көшірмесі не оның нотариалды куәландырылған көшірмесі;
6) тартылған консультант (консультантты тартқан жағдайда) пен субсидиялауға қатысушы қол қойған, орындалған (бухгалтерлік) жұмыстар актісінің (актілерінің) түпнұсқасы не салыстырып тексеру үшiн құжаттың түпнұсқасын мiндеттi түрде ұсынған кезде оның (олардың) көшірмесі, не оның (олардың) нотариалды куәландырылған көшірмесі;
7) сәйкестікті растау жөніндегі орган мен субсидиялауға қатысушы қол қойған сертификаттау жөніндегі орындалған (бухгалтерлік) жұмыстар актісінің (актілерінің) түпнұсқасы, не салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқасын мiндеттi түрде ұсынған кезде оның (олардың) көшірмесі, не оның (олардың) нотариалды куәландырылған көшірмесі;
8) тартылған консультант (консультантты тартқан жағдайда) пен сәйкестікті растау жөніндегі органның қызметтеріне субсидиялауға қатысушының ақы төлегені туралы төлем тапсырмалары мен шот-фактуралардың субсидиялауға қатысушының мөрі мен қолы қойылған көшірмелері, не қызметтерге ақы төленгенін растайтын өзге де құжаттардың көшірмелері;
9) сәйкестік сертификатының (сертификаттарының) салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсынған кезде көшірмелері, не оның (олардың) нотариалды куәландырылған көшірмесі.
11. Осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарды субсидиялауға қатысушы бюджеттік бағдарлама әкімшісіне тиісті жылдың 20 қарашасына дейін ұсынады. Бұл ретте, субсидиялауға қатысушы жетпейтін құжаттарды көрсетілген мерзім өткенге дейін ұсынады.
4. Комиссияның жұмыс тәртібі
12. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі тиісті жылға арналған республикалық бюджет бекітілген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде бюджеттік бағдарламаның іске асырылу шарттарын агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне барлық қолжетімді тәсілдермен жеткізеді: ақпаратты бюджеттік бағдарлама әкімшісінің интернет-ресурсында орналастырады, ақпаратты жергілікті атқарушы органдарға, салалық қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ консалтингтік компанияларға жібереді.
13. Комиссия құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде субсидиялауға қатысушылардың өтінімдерін олардың толықтығы мен осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
Комиссия отырысында ұсынылған құжаттарды қарау және өтінімдерді бағалау хаттамасы (бұдан әрі – Комиссия отырысының хаттамасы) жүргізіледі.
Комиссия қабылдаған шешімдер Комиссия отырысының хаттамасында көрсетілуге тиіс, онда субсидиялауға қатысушылардың атауы, орналасқан жері, субсидиялар көлемі, сондай-ақ өтінімдердің қабылданбау себептері көрсетіле отырып, белгіленген талаптарға сай келмейтін субсидиялауға қатысушылардың атауы көрсетіледі.
14. Осы Қағидалардың талаптарына толығымен сәйкес келетін субсидиялауға қатысушылар Комиссияның шешімімен субсидия алушылар болып белгіленеді.
15. Белгіленген талаптарға сай келмейтін болып танылған субсидиялауға қатысушыларға өтінімдерінің қабылданбау себептері көрсетіле отырып, Комиссия отырысының хаттамасы жасалған
күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жазбаша негізделген жауап ұсынылады.
5. Субсидияларды төлеу тәртібі
16. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Комиссия отырысының хаттамасы негізінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада субсидиялар төлеуге арналған ведомості он бес жұмыс күні ішінде қалыптастырады.
17. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бюджеттік субсидияларды төлеуге арналған ведомості бекіткеннен кейін үш жұмыс күнінің ішінде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне қағаз тасығышта ұсынған кезде екі данада төлеуге арналған шоттардың тізілімін және төлеуге арналған шотты ұсынады, «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесі арқылы шоттарды төлеу жүргізілген жағдайда төлеуге арналған шоттардың тізілімі ұсынылмайды.
Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін және нарығын басқару жүйелерін субсидиялау қағидаларына 1-қосымша
Халықаралық стандартты (халықаралық стандарттарды) енгізу және
оның (олардың) сәйкестігіне сертификаттау жөніндегі субсидиялауға
қатысушының шығындарын субсидиялауға арналған
ӨТІНІМ
Күні 20 ж. ____ __________
Осымен субсидиялауға қатысушы ____________________________________
(субсидиялауға қатысушының атауы)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен
№ _____________________________________________________ шотына республикалық бюджеттен ______________теңге сомасында қаражат аударуды сұрайды.
(банктің атауы)
____________________________ _________________________
(субсидиялауға қатысушының (бірінші басшының қолы мен
атауы) Т.А.Ә.)
м.о.
Өтінімге жауапты _______________________________________________
(өтінім жасауға жауапты тұлғаның Т.А.Ә.)
Телефон: ________________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 ақпандағы №202 қаулысына қосымша
Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін және нарығын басқару жүйелерін субсидиялау қағидаларына 1-қосымша
Халықаралық стандартты (халықаралық стандарттарды) енгізу және
оның (олардың) сәйкестігіне сертификаттау жөніндегі субсидиялауға
қатысушының шығындарын субсидиялауға арналған
ӨТІНІМ
Күні 20 ж. ____ __________
Осымен субсидиялауға қатысушы _______________________________
(субсидиялауға қатысушының атауы)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен
№ ______________________________________________________ шотына республикалық бюджеттен ______________теңге сомасында қаражат аударуды сұрайды.
(банктің атауы)
____________________________ _________________________
(субсидиялауға қатысушының (бірінші басшының қолы мен
атауы) Т.А.Ә.)
м.о.
Өтінімге жауапты _____________________________________________
(өтінім жасауға жауапты тұлғаның Т.А.Ә.)
Телефон: ________________
Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін және нарығын басқару жүйелерін субсидиялау қағидаларына 2-қосымша
«Бекітемін» Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
жауапты хатшысы ______________________________
20 жылғы «___» _________ №____
Субсидиялар төлеуге арналған ведомость
Р/с№ Субсидия алушының атауы Барлық сомаға қызметтер көрсетілді (теңге) Оның ішінде Төленуге тиіс
(теңге)
консультациялық сертификаттық
Төленуге тиіс сома __________________________________________________теңге.
(цифрмен, жазбаша)
Департаменттің директоры _________________________________