Шара аясында Құқықтық мәселелер және халықаралық қатынастар жөніндегі комиссияның және Ассамблея Кеңесінің отырыстары болды. Онда ТүркПА-ның жарғылық құжаттары, регламенті, қаржы қағидалары, байқаушылар миссиясының қызметін реттеу ережелері және басқа да құжаттар қаралды.
Жалпы отырыс барысында ТүркПА-ның 2020 жылға арналған шаралар жоспары, тұрақты төрт комиссияның 2019 жылғы жұмыс қорытындылары қаралып, Ассамблеяның Бас хатшысының есебі тыңдалды.