2013 жылғы 27 наурыз, Астана, Үкімет Үйі
«Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режімін, шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режімін қолданатын салық төлеушілер үшін салықтық есепке алу саясатының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1174 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режімін, шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режімін қолданатын салық төлеушілер үшін салықтық есепке алу саясатының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1174 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 57, 813-кұжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режімін, шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режімін қолданылатын салық төлеушілер үшін салықтық есепке алу саясатының нысанында:
1-тармақ алынып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қосылған құн салығын (ҚҚС) есепке жатқызу әдісі*
____________________________________________________________________________»;
(бөлек, барабар)
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Салық кодексінің 60-3-бабының 2-тармағына сәйкес қорлардың өзіндік құнын айқындау әдісі**_______________________________________________________________»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Нысандары дербес әзірленген салық тіркелімдерінің тізбесі***:
1)_____________________________________________________
2)____________________________________________________
3)___________________________________________________»;
мынадай мазмұндағы 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
«7. Салықтық есепке алу саясатын сақтауға жауапты адам:
тегі, аты, әкесінің аты____________________________________
лауазымының атауы_____________________________________
8. Салықтық есепке алу саясатын қабылдау күні 20____жылғы «____»
Ескертпе:
* Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асырмауға құқығы бар дара кәсіпкерлер толтырмайды;
** Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асырмауға құқығы бар дара кәсіпкерлер ғана толтырады;
*** Салық кодексінің 77-бабының 1-тармағына сәйкес нысандарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген салық тіркелімдеріне салық төлеушілер дербес әзірлеген қосымша салық тіркелімдері болған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асырмауға құқығы бар, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 60-3-бабы 2-тармағына сәйкес тауарлар өндіруді жүзеге асыратын, сондай-ақ орташа өлшемді құн әдісін таңдаған дара кәсіпкерлер толтырады.».
2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.