Аймақтар • 19 Желтоқсан, 2019

Махамбет Досмұхамбетов: Біздің табысымыз – Ассамблеяның барлық мүшелерінің жұмысының жемісі

63 рет көрсетілді

Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының  XXIII сессиясы өтті. 25 жылдық мерейтой қарсаңында болған сессияда биылғы атқарылған жұмыстар қорытындыланды, деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Сессия жұмысына Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы, облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов қатысты.

Аймақ басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы 2020 жылы ширек ғасырлық мерейтойын атап өтетін айтты. Ассамблея еліміздегі барлық ұлт өкілдерін бір шаңырақ астына біріктіріп, тәуелсіз еліміздің дамуына зор үлес қосып келеді.

-Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев біздің халықтық игілігіміз - қазақстандық табыстың маңызды үш кілтін анықтап берді. Біріншісі – тіліне, дініне бөлінбестен, барлық қазақстандықтардың бірлігі. Екіншісі – барлығымызға және әрқайсымызға тән тағаттылық. Этностық және діни айырмашылықты байыппен түсіну және құрметпен қабылдау. Үшінші – тарихи тағдырымыздың ортақтығы, деді Махамбет Досмұхамбетов.

Ассамблея жұмысы этникалық мәселелер шеңберінен шықты. Қазір басты назарда тұрақтылық пен дамуды қолдауға барлық қоғамдық күштерді біріктіру, азаматтарды, азаматтық қоғам, ғылым мен мәдениет институттарын тарту мәселесі тұр.

Облыста қоғамдық келісім, аналар кеңесі, «Жаңғыру жолы» жастар штабы, ғылыми-сараптама тобы, журналистер клубы табысты жұмыс істеуде. Этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары облыс Ассамблеясын республикалық, халықаралық шараларда лайықты көрсетіп жүр.

-Келер жылы елімізде бірқатар маңызды шаралар аталып өтеді – ғалым, философ Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, ұлы Абайдың 175 жылдығы, Ата Заңның, Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы. Атыраулықтар еліміздегі осы маңызды шараларға белсенділікпен қатысады деген сенімдемін, деді Махамбет Досмұхамбетов.

Облыс әкімі біздің табысымыз Ассамблеяның барлық мүшелерінің бірлесе атқарған жұмыстарының жемісі екенін атап өтті. Сессия барысында Ассамблеяның қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулықты нығайтуға үлес қосып жүрген белсенді мүшелері марапатталды.

Шара облыстағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері өнер көрсеткен концертпен аяқталды.

Соңғы жаңалықтар

Илья Ильин ауруханаға түсті

Аймақтар • Бүгін, 11:55

Черногориямен ойнайды

Футбол • Бүгін, 07:55

Ұлт аспабы ұлықталды

Руханият • Бүгін, 07:54

Табиғат-ананы бүлдірмес болар...

Руханият • Бүгін, 07:46

Көп қарға мен ақ қарға

Экология • Бүгін, 07:45

Індет, індетпен күрес – міндет!

Медицина • Бүгін, 07:39

Қала рухы

Руханият • Бүгін, 07:37

Абайдың еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 07:30

Жанға сая жасыл белдеу

Экология • Бүгін, 07:13

Астанадан қанат қаққан...

Руханият • Бүгін, 07:08

Екі ақынның жырындағы елорда

Руханият • Бүгін, 07:01

Мерейі үстем Малика

Өнер • Бүгін, 06:40

Біз – волонтерміз!

Қоғам • Бүгін, 06:40

Mercedes өкілі топ жарды

Спорт • Бүгін, 06:35

Адалдың аты озады

Экономика • Бүгін, 06:34

Оттегі өндіретін цех салынады

Экология • Бүгін, 06:28

Қаулы орындалуымен құнды

Аймақтар • Бүгін, 06:25

Ақ желеңді жандар марапатталды

Медицина • Бүгін, 06:19

Астанадан қанат қаққан...

Руханият • Бүгін, 06:15

Елбасы тағылымы

Елбасы • Бүгін, 06:12

Көгілдір отынға қосыла бастады

Аймақтар • Бүгін, 06:10

Көп қарға мен ақ қарға

Экология • Бүгін, 06:04

Ұқсас жаңалықтар