Парламент • 19 Желтоқсан, 2019

Жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту туралы заң жобасы қаралды

57 рет көрсетілді

Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Заң жобасы қолданыстағы қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнаманы одан әрі жетілдіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жекелеген қылмыс құрамы бойынша тапсырмаларын іске асыру мақсатында әзірленген болатын.

Заң жобасында бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр.

Құжат Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне және «Жедел-іздестіру қызметі туралы» заңға зорлау және нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерінің барлық құрамы (оның ішінде қызметтік міндеттерін орындау кезінде), балаларға жыныстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша дәлелдемелерді бұрмалағаны, сондай-ақ жасырғаны және олар туралы хабарламағаны үшін жауапкершілікті күшейту туралы; үй-жайға, қоймаға немесе көлік құралына кіріп жасалған ұрлық, тонау және қарақшылық; заңсыз есірткі айналымы үшін электрондық ақпараттық ресурстарды пайдаланғаны үшін жауапкершілікті енгізу туралы; мал ұрлығы бойынша жеке құрамды енгізу туралы; заңсыз аң аулауды қылмыстық теріс қылықтан орташа ауырлықтағы қылмыстарға ауыстыру туралы, браконьерліктің ауырлататын құрамдары үшін (оның ішінде ақбөкендер бойынша) және зорлық-зомбылық қолданғаны үшін, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың өміріне қатер төндіргені үшін жауапкершілікті күшейту туралы түзетулермен толықтырылатын болады.

Сонымен қатар одан әрі ізгілендіру және репрессивтілікті төмендету бөлігіне, атап айтқанда, мүлікті тәркілеуді тағайындау және шартты жаза тағайындау кезінде, сондай-ақ кепілдікке байланысты жазадан босату кезінде кепіл мөлшерін төмендету бойынша түзетулер ұсынылады.

Сондай-ақ қылмыстық-атқару заңнамасына жазаны орындау жүйесін одан әрі ізгілендіруге бағытталған түзетулер де ұсынылады.

Заң жобасында «нөлдік төзімділікті» күшейтуге, сондай-ақ қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңының ережелерін іс жүзінде қолданудың олқылықтарын, коллизияларын және әртүрлі оқылуын жоюға бағытталған түзетулер көзделіп отыр.

Бұдан басқа, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдардың қызметін, оларды тіркеу тәртібін, тіркеуден бас тарту негіздерін, осы ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін түзетулер енгізіледі.

Заң жобасы Палатаның қарауына берілді.

Соңғы жаңалықтар

COVID-19: Хаттамаға өзгеріс қажет пе?

Қазақстан • Бүгін, 09:25

Ел жүрегі – елорда

Аймақтар • Кеше

Янайкинге “нағыз қазақ”

Аймақтар • 03 Шілде, 2020

Ұқсас жаңалықтар