Аймақтар • 19 Желтоқсан, 2019

Б.Сапарбаев Ақтау қаласының тұрғындарымен кездесті

357 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған Үкіметтің жұмыс тобы Ақтау қаласында ісспармен болды. Іссапар барысында жұмыс тобы «Маңғыстау Арена» спорт кешенінің жұмыс барысымен танысып, қала тұрғындарымен кездесті.

Б.Сапарбаев Ақтау қаласының тұрғындарымен кездесті

Кездесуге Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевпен бірге Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова, Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ләззат Ақтаева, Мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов, Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары Данияр Есин және Кәсіподақтар федерациясның төрағасы Ералы Тоғжанов қатысты.

Жиында сөз алған вице-премьер азаматтардың әл-ауқатын арттыру, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау бағыттары бойынша Мемлекет басшысы тапсырмаларының жүзеге асырылуы жөнінде ақпарат берді.

Сонымен қатар жұмыс тобы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының ғимаратына барып, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен таныс болды.

«Кәсіпкерлерге арналған Үкімет» жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Бердібек Мәшбекұлына кәсіпкерлерге «бір терезе» қағидаты бойынша қажетті барлық қызмет түрлерін көрсететін орталық туралы толыққанды мәлімет берілді. Іскер әртүрлі мемлекеттік органға сабылмай, мәселен, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, туризм және инвестицияны дамыту мен азаматтарға арналған Үкіметтен тез әрі сапалы түрде мемлекеттік қызмет түрлерін алу мүмкіндігін атап өтті.

Ақтаулық кәсіпкер Махамбет Қажығалиев Өңірлік кәсіпкерлер палатасынан үнемі қолдау көріп келеді. Жеке кәсібін ашуға мұрындық болған кәсіпкерлер палатасына бұл жолы сатып алулар мен заңгерлер қызметіне жүгінуге келген. «Автобөлшектер саудасымен айналысамын. «Бір терезе» арқылы қажетті қызметімді алып отырмын. Болашақта  жаңа жобамды іске асырғым келеді. 15 млн тг тұратын бизнес жобам сәтті жүзеге асады деп ойлаймын», деп мәлімдеді кәсіпкер.

Сондай-ақ «Кәсіпкерлерге арналған Үкімет» жобасы аясында жұмыс істеп тұрған: қаржыландыру; өткізу; цифрлы қызмет көрсету; құқықтық сүйемелдеу және оқыту деп аталатын 5 аймақ туралы Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрбек Қарасаев нақты ақпарат берді.

-Бұл орталықтан биыл 5641 адам қажетті қызмет алды. Кәсіпкерлер тиісті ақпараттармен толық қамтамасыз етіліп отыр. Маңғыстауда кәсіпті микронесиелендіруге 1,2 млрд тг ауылшаруашылығы саласына берілді.Соның 300 млн тг «Атамекен» микроқаржы ұйымы арқылы 27 жоба жүзеге асты, дейді Нұрбек Қарасайұлы.

Сонан соң Үкімет басшысының орынбасары «Бастау» жобасы бойынша дәріс оқып жатқан тыңдаушылармен кездесті. Бұл жоба бойынша өткен жылы 1056 адам оқып, жеке кәсіптерін ашса, биыл 2650 адам кәсіпкерлікке үйренді. «Бастау» түлектері 3,4 млрд теңгені құрайтын бизнес жобаларды жүзеге асырды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге көп екенін көрсетеді.

Премьер-Министр орынбасары Б. Сапарбаев «Бастау» шәкірттерімен тілдесіп, сәттілік тіледі.

Сапар барысында жұмыс тобы «Жас Тұлпар – 2019» салтанатты шарасына қатысып, Бердібек Сапарбаев жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін сөз ете отырып, Маңғыстаулық жастарға ыстық ықыласын жеткізді.

Сондай-ақ Премьер-Министр орынбасары ұстаздар және дәрігерлер қауымымен жүздесті.