Қазақстан • 19 Желтоқсан, 2019

Нұрсұлтан Назарбаев Мұхаммед әл-Джабермен кездесті

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кездесу барысында екі жақты қатынастарды нығайтудың, Қазақстан мен БАӘ арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың, мәдени байланыстарды кеңейтудің маңыздылығы жайлы айтылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев Мұхаммед әл-Джабермен кездесті

-Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бері біздің қарым-қатынасымыз өте қарқынды дамып келеді. Біз әрдайым БАӘ басшылығымен тығыз байланыста болдық. Осының арқасында елдеріміз арасындағы визасыз режим мәселесін шештік, рейстердің санын көбейттік. Бұл туристердің артуына жол ашып, тұтастай экономикалық қатынастардың кеңеюіне әсер етті, деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде Мұхаммед аль-Джабер БАӘ басшылығы атынан Қазақстанның одан әрі табысты дамуы мен өркендеуін тілей отырып, Нұрсұлтан Назарбаевты және Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

-Қазақстан Орталық Азиядағы маңызды серіктестердің бірі. Біз визасыз режим туралы келісімге қол жеткізуді оң бағалаймыз. Бұл кәсіпкерлер арасындағы байланыстарды жеңілдетуге және инвестициялық белсенділікке ықпал етеді, деді Елші.

Сонымен қатар дипломат Нұрсұлтан Назарбаевқа мәртебелі шейх Фатима бинт Мұхаммед бин Заидтің гуманитарлық жобасы аясында жасалған «Бейбітшілік кілемін» табыстады.