Парламент • 20 Желтоқсан, 2019

Қазақ-қырғыз депутаттарының бірлескен отырысы

186 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаттары қазақ-қырғыз шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінің инфрақұрылымымен танысу мақсатында Жамбыл облысында жұмыс сапарымен болды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Қазақ-қырғыз депутаттарының бірлескен отырысы

Қордай ауылындағы бақылау-өткізу пункттеріне барғаннан кейін Мәжіліс және Қырғызстан Жогорку Кенеші де­пу­таттарының бірлескен отырысы өтті.

Іс-шараны ашқан Мәжіліс Төрағасының орынбасары Вла­димир Божко қаралып отыр­ған мәселенің әлеуметтік-эконо­микалық бағытының маңыз­ды­лығын атап өтіп, еліміздің және көрші Қырғызстан азамат­тары­ның ескертулеріне назар аудар­ды. Атап айтқанда, олар шека­ра өткізу пункттерінде, әсіре­се жаз мезгілінде, әлі күнге дейін кездесетін ұзақ кезекке ша­ғымдануда. Кедендік рәсімдеудің және шекараны бақылаудың баяу жүргізілуі, жемқорлық, контрабанда және инфрақұрылымның тапшылығы фактілері де бар.

Отырыс барысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті төр­аға­сының орынбасары-Шекара қыз­меті директоры Дархан Діл­манов, Индустрия және инфра­құ­ры­лымдық даму, Қаржы министр­ліктерінің, сондай-ақ Жам­был облысы әкімдігінің және қыр­ғыз тарапының мемлекеттік орган­дарының өкілдері баяндама жасады.  

Кездесуде екі ел депутаттары шекаралық ынтымақтастықты дамы­ту туралы заңнаманы жетіл­діру мәселелерін талқылады.

Отырысты қорытындылай келе, Мәжіліс вице-спикері В.Бож­­­ко Мемлекет басшысы Қа­­сым-Жомарт Тоқаевтың үсті­міз­дегі жылдың 27 қараша­сын­да Қырғызстанға жасаған мемле­кеттік сапарының нәтижелерін ес­кере отырып, қырғыз тарапымен бірлескен іс-қимыл жасау қажет­тігін атап өтті.

Шу өзені арқылы өтетін Қазақ­станның «Қарасу» – Қырғыз Рес­публикасының «Ақ Тілек» өткі­зу бекеттерінің арасындағы жа­ңа көпір құрылысы туралы үкімет­аралық келісімді жүзеге асыру, сондай-ақ «Бесағаш-автожол» (Қазақстан) және «Кичи-Капка – автожол» (Қырғызстан) өткізу пункттерінің жұмысын жандандыру, сондай-ақ «Кеген-автожол» (Қазақстан) мен «Қарқыра-авто­жол» (Қырғызстан) өткізу пункт­тері­нің жұмыс уақытын ұлғайту ерек­ше маңызды болып табылады.

Отырыс барысында Мәжіліс вице-спикері шекара өткізу пункт­терінің тиімділігін арттыру және шекарадан өту кезінде екі елдің азаматтары үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында осындай кездесулерді жалғастыруды ұсынды. Сондай-ақ проблемалық мәсе­лелерді шешуді тұрақты түрде пар­ламенттік бақылауда ұстау қажеттігін айтты.

Мәжілістің Халықаралық істер, қор­ғаныс және қауіпсіздік комитеті ұйымдастырған шара өткізу пункттеріне бару туралы бірлескен келісім аясында Қыр­ғызстан Жогорку Кенеші депу­тат­тарының қатысуымен өтті.