Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2019

Партиялық бақылау – тиімділік кепілі

25 реткөрсетілді

Nur Otan партиясының облыстық филиалында партия­лық активтің отырысы өтті. Жиында Елбасының өңірлік филиалдар өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте берген тапсырмалары түсіндірілді. Партияның облыстық филиалы төрағасы, облыс әкімі Болат Бақауов нұротандықтар алдында тұрған міндеттерге тоқталды.

Филиал төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченконың айтуынша, бұл күндері партия жұмысын жандандыруға бағытталған жұмыстар басталып кетіпті. Облыс орталығында елімізде «Қанатты жоба» аясында алғаш рет партиялық кадрлық резервке іріктеу өткізілуде.

Бұл күндері Nur Otan парти­ясы­ның облыстық және аумақтық филиалдарында 59060 мүшесі бар. Биыл партия беделіне нұқсан келтірген адамдардан «тазалау» мақсатында 11 мүшесі жауапкершілікке тартылыпты.

Қазіргі күндері партияның беделі мен абыройына нұқсан келтіретін мүшелеріне шара қолдану мақсатында БАҚ пен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіледі. Және «Таза сессия» республикалық шарасы аясында жоғары оқу орындарында 13 сенім жәшігі орнатылды.

Сонымен қатар облыстық филиал­дың бақылау-тексеру комиссиясы Железин, Май, Шарбақты аудандары мен Екібастұз қаласында аумақтық филиалдардың партия жарғысын бұз­ғаны анықталды.

Ал партиялық бақылаудың қажет­тігі – тиімді жұмыс кепілі. Мемлекет қар­­­жысын пайдалануға партиялық ба­қы­­лау орнатып, әкімдердің партия ал­дын­­дағы жауапкершілігін арттыру міндет.

Nur Otan облыстық филиалының басшысы Болат Бақауов мәслихат депутаттары, партия мүшелерінің белсен­ділікті арттырып, қарапайым халық­пен бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Партия мүшелерінің сапалық та, сандық та жағынан көбейгені беделін арттырары сөзсіз.

Облыстық филиалдың бақы­лау-тексеру комиссиясы жүргізген тексеріс барысында партия мүше­лерінен есеп жүргізу және жарна жинау кезінде олқылықтарға жол берген Екібастұз қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нияз Мақраевқа, Теміржол ауылдық аумағының әкімі Ерлан Кісеналинге сөгіс жарияланды. Кейбір аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция жетекшілері ауыстырылғаны атап өтілді.

Ал ауыл, аудан, қала әкімдерінің тұр­ғындармен кері байланысы жоқ­тығы байқалуда, қоғамдық қабыл­даулар да сирек өткізіледі. Әлеуметтік желідегі жеке парақшалары, аудан әкімдіктерінің сайттары тиісті дең­гейде түсінікті жүргізілмеуде.

 Жалпы, Илья Теренченконың айтуынша, биыл партияның облыстық және аумақтық филиалдарының қоғам­дық қабылдау бөлмелеріне бар­лығы 3835 өтініш келіп түскен. Пар­тия­ның өңірдегі барлық қоғамдық қабыл­дау бөлмелерінде жалпы саны 1390 қабылдау өтіп, 2268 адамның өтініш­тері қаралды. Тұрғындардың мұң-мұқ­таждары «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы», «Халыққа көмек», «Кедергісіз келешек», «Құтты мекен», «Жастар жолы» сияқты партиялық әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру барысында назарға алынуда.

Енді қала, аудандық деңгейде партия филиалы төрағасының қызметін жер­­гі­лікті әкімдер емес, елге сыйлы, сөзі өтімді азаматтар атқарады. Қа­зір бұл жаңашылдық қанатқақты түр­де Пав­­лодар ауданында жүзеге асырылуда.

Жұмыста белсенділік таныт­пай­тын, жарна төлемейтін, құқық бұзу­шы­лыққа жол берген азаматтар партия мүшелігінен шығарылуы тиіс.

Облыстық филиал төрағасы, облыс әкімі Болат Бақауовтың партия филиалындағы апта сайынғы қабыл­дауларын тұрғындар қолдауда.

– Қазіргі таңда партиялықтар алдында қоғамды біріктіріп, өзекті мәсе­ле­лерді қоғамдық қабылдаулар арқы­лы шешу міндеті тұр. Биыл осындай жеке қабылдаулардың 18-і өтіп, оларға 246 адам қатысты. Облыстағы барлық аумақ­тық филиалдар дәл осындай жеке қабылдаулар өткізуде, – дейді И.Теренченко.

Жалпы, Nur Otan партиясы пар­тия­лық кадрлық резервін қалып­тастыру елімізде 2016 жылы бас­тал­ғаны белгілі. Сол жылдары пар­тия­ның облыстық филиалының партиялық кадрлық резервінде болған 106 адам Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жос­­парында айтылған, мемлекеттік бағ­­дарламаларды насихаттау, партия­лық жобалар аясында жұмыс атқару секілді міндеттерді орындай алмаған.

– Сондықтан қайтадан қосымша іріктеу жүргізілді, – дейді филиал басшысының орынбасары Жұлдыз Тәйкебаева.

Биыл қараша айында Nur Otan пар­тиясының кадрлық резервіне үміт­керлер сайлауына дауыс беруге 18 мың партия мүшесі қатысты. Пар­тиялық ірік­теу құрамына бір жылдан көп уа­қыт партия мүшесі болған, жоғары бі­лі­мі және екі жыл жұмыс өтілі болу деген талаптар бойынша алынады.

Іріктеуді ең алдымен аудандық және қалалық филиалдар жүргізіп, мәліметтерді орталық аппаратқа жолдайды. Партия филиалдарына маман керек болса, іріктелген тізім ішінен таңдалады.

Елім, жерім, Отаным деген жастар аз емес. Таңдау дұрыс болу керек. Таң­дау дұрыс болмаса, патриот жас­тар шетте қала береді. Сондықтан қай жұмыс болмасын кадрлық саясат – маңызды. Ел ісіне – отаншыл жастар келгені қажет-ақ.

 

Павлодар облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Ауруды қалай жұқтырғаны белгісіз

Коронавирус • Бүгін, 08:08

Атыраудағы ахуал

Қоғам • Бүгін, 08:05

Сөз қасиеті – ем қасиеті

Руханият • Бүгін, 07:58

Өз заманының адамы

Руханият • Бүгін, 07:38

Қажығұмарды қайтеміз?

Таным • Бүгін, 07:31

COVID-19: Отандық тест-жүйе және вакцина

Коронавирус • Бүгін, 07:28

Сырттан жұқтырғандар басым

Коронавирус • Бүгін, 07:20

Ыстық тамақ таратты

Қазақстан • Кеше

Ұқсас жаңалықтар