Талдықорғанның жаңа жылдық келбетін талапқа сай дайындауға жергілікті бюджеттен 24 500 000 теңге қаржы бөлінген. Безендіру жұмыстары 21 желтоқсан күні аяқталып, қала мерекеге сақадай - сай болуы тиіс.
Айтпақшы, биыл қаланың 3 ауданында жаңа жылдық шырша орнатылады. Негізі мереке орталық алаңда тойланатын болғандықтан, облыс әкімдігі алдына үлкен шырша құрылды. Шыршаның құны - 9 109 004,80 теңге. Тағы бір шырша Қартал жағалауындағы демалыс аумағына құрылмақ. Бұған жұмсалатын шығын - 1 817 515 теңге шамасында. Ал «Жастар» паркіне құрылған жаңа жылдық шырша да қала бюджетіне 2 182 388, 32 теңгеге түсіп отыр. Шыршаларды орнату, безендіру жұмысымен «Виктория» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналысуда.
Алматы облысы