Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2019

Қостанай облысында «Татуластыру орталығы» ашылды

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жангелдин ауданында «Татуластыру орталығы» ашылды. Онда азаматтарға тиісті қызметтер көрсету үшін түрлі құжаттар қойылған, жиһазбен жабдықталған. Орталықтың ашылу рәсімінде аудан әкімі Шота Оспанов Қазақстанның басты жетістіктерінің бірі бұл ұлтаралық бірлік пен қоғамдық келісім екенін атап өтті.

Қостанай облысында «Татуластыру орталығы» ашылды

«Бүгінде қазақстандықтар Ұлт Жоспарын іске асыру аясындағы отандық сот жүйесінде жүріп жатқан реформалар мен ауқымды құқықтық түсіндіру жұмыстарының арқасында дау-шарларды сотқа жеткізбей татуластыру рәсімдерінің көмегімен шешу сот талқылауынан гөрі анағұрлым тиімді әрі жылдам екендігін түсінді» деді Шота Оспанов.

Аудандық сот төрағасы Жолдыбай Метаев айтқандай, аудандық сотта біраз жылдар бойы сотта қаралатын істер бойынша татуластыру рәсімдері жүргізілген медиация кабинеті жұмыс жасап келгенін атап өтті. Осы жылдың басында «Татуласу: сотқа дейін, сотта» пилоттық жобасын іске асыру аясындағы медиация кабинеті негізінде Татуластыру орталығын ашу туралы шешім қабылданды. Татуластыру орталығында тұрақты негізде халыққа тегін заң және психологиялық көмек көрсететін, сонымен қатар халықты құқықтық сауаттылыққа үйрететін Билер кеңесінің мүшелері, медиаторлар, әлеуметтік заңгерлер жұмыс жасайды. Бұл жөнінде  мүдделі мемлекеттік органдар мен «Альянс» заң кеңесшілері Палатасының өкілімен тиісінше келісім жасалған.

 

Қостанай облысы,

Жангелдин ауданы