Қоғам • 20 Желтоқсан, 2019

Павлодарда «Еңбек» бағдарламасына 30 мың адам қатысты

12 рет көрсетілді

2019 жылғы он бір айдың қорытындысы бойынша Павлодар облысында 30 063 адам 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысты. 20 664 адам жұмысқа орналастырылса, оның 17 463-і немесе 85% тұрақты жұмыс орнымен қамтылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Нарықта сұранысқа ие кәсіптер бойынша кәсіби дағдыларды қалыптастыру мақсатында қысқа мерзімді курстар өткізуді көздейтін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағытында 2 729 адам қамтылған. Қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтағаннан кейін жұмыспен қамту орталықтары мемлекеттік бағдарлама қатысушыларына жұмысқа орналасуда көмек көрсетеді.

Мемлекеттік бағдарламаның екінші бағытының негізгі міндеті - азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын дамыту. Оның шеңберінде бастапқы бизнесті іске асыратын және іске асыруды жоспарлайтын, сондай-ақ бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржылай қолдау алмаған үміткерлерге өтеусіз және қайтарымсыз негізде 100 және 200 АЕК мөлшерінде мемлекеттік гранттар беріледі. Бұдан басқа, ауылда және қалаларда кәсіпкерлік әлеуеті бар, ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне және зейнеткерлік жасына жетпеген олардың мүшелеріне, шаруа және фермер қожалықтарына микрокредиттер беріледі.

Павлодар облысында микрокредитпен 626 адам қамтылды. 100 АЕК-ке дейінгі мемлекеттік гранттарды Мемлекеттік бағдарламаның 606 қатысушысы, 200 АЕК-ке дейін – 796 адам алды (жастар, табысы аз және көпбалалы отбасылардың мүшелері, мүгедектігі бар адамдар).

Мемлекеттік бағдарламаның үшінші бағыты азаматтардың жекелеген санаттарын жұмыспен қамту үшін мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарын құруды қарастырады. Оны жүзеге асыруда Павлодар облысында 5 870 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 1 511-і әлеуметтік жұмыс орындарына, 849-ы жастар практикасына және 3 510 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді.

Соңғы жаңалықтар

Салмағы 92 грамдық принтер

Технология • Кеше

Қашықтан оқып, тіл үйрен!

Білім • 11 Шілде, 2020

Атырауда жазғы дәмхана өртенді

Аймақтар • 11 Шілде, 2020

Ұқсас жаңалықтар