Қазақстан • 20 Желтоқсан, 2019

Ұлттық кеңес: Ерлан Қарин атқарылған жұмыс жайын баяндады

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында Президент кеңесшісі Ерлан Қарин бүгінге дейін атқарылған жұмыстар жайында баяндады.

Ұлттық кеңес: Ерлан Қарин атқарылған жұмыс жайын баяндады

- Екіншіден Ұлттық кеңес мүшелерінің ұсыныстарын іске асырудың нақты механизмдері мүдделі мемлекеттік органдарының бірінші басшылары деңгейінде талқыланды. Атап айтқанда Мәдениет және спорт, Ішкі істер және Қоғамдық даму, Ауыл шаруашылығы министрліктері және Бас прокуратура. Үшіншіден Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық кеңес мүшелерімен жеке кездесулер өткізді. Бүгінге дейін осындай кездесулердің 16-сы өтті. Бұл кездесулер ары қарай да жоспарланған,- деді Президент кеңесшісі Ерлан Қарин.

Оның айтуынша, Президентпен кездесу кезінде Ұлттық кеңес мүшелері тарапынан көтерілген мәселелер мен ұсыныстар атқарушы органдар деңгейінде қаралып, олармен кері байланыс қамтамасыз етілген.

- Жоспарға кірген әр тармақ Президент әкімшілігі мен мемлекеттік органдардың өкілдерімен заңдық экономикалық және халықаралық стандарттарға сәйкестігі тұрғысынан сарапталып тиісті тұжырымдар дайындалды, - деді Е.Қарин.