Өткен демалыс күні Ресей президенті Владимир Путин, Премьер-Министр Дмитрий Медведев және Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Тыва өзенінің жағалауына дем алуға келді. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.
Олар суға шомылып болғаннан кейін шағын Токпак-Холь өзенінің жағасына барып, балық аулауға кірісті. Осы жерде Владимир Путин салмағы 21 кило тартатын балықты қолға түсіргенде, жанындағы серіктестері таңданысын жасырмады. «Абайлаңыз, сізді ол шортан тістеп алуы мүмкін», деп әзілдеді. Президент олардың әзіліне жауап ретінде шортанды мейірлене сүйген екен.
Осы күні В. Путин әріптестерімен бірге Саяно-Шушенск биоймақ қорығында болып, сирек кездесін жануарлар әлемінің тыныс-тіршілігімен танысты.
Данияр Түймебай.