Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2019

Б. Сағынтаев қаламгерлер мен әдебиетші ғалымдарға грант тапсырды

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев грант иегерлеріне сертификаттарды табыстау рәсіміне қатысты.

Б. Сағынтаев қаламгерлер мен әдебиетші ғалымдарға грант тапсырды

Бұдан бұрын мәлім болғандай, Бақытжан Сағынтаев жарты миллион теңге көлемінде 90 ақын-жазушыға ақшалай грант табыстағаны белгілі. Осы марапаттау кезінде қала әкімі бұл жолы 90 ақын-жазушы марапатқа ие болса, келесі жолы тағы 60 қаламгерге ақшалай сертификат табысталатындығын айтқан болатын.

Бұл жолғы грант иегерлерінің тізімінде Бексұлтан Нұржекеұлы, Дулат Исабеков, Қуанышбай Құрманғали, Зейнеп Ахметова, Жаңғара Дәдебаев, Айгүл Ісмақова, т.б. қаламгерлер мен ғалымдар бар.