Қазақстан • 21 Желтоқсан, 2019

Алматыда қайырымдылық шара өтті

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы «Медеу» спорт кешені бағытындағы тас жолдың бойында орналасқан «Самал» мейрамханасында спортшылар қауымының қатысуымен қайырымдылық шара өтті.

Алматыда қайырымдылық шара өтті

Қазақстан Республикасының бразилиялық джиу-джитсу және грепплинг федерациясы және бірқатар демеушілердің қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған айтулы шараға осы спорт түрін серік еткен жас өрендер, Алматы қаласы мен облысы аумағында орналасқан Балалар үйінің тәрбиеленушілері, белгілі қоғам қайраткерлері  мен спорт функционерлері және білікті бапкерлер мен майталман мамандар қатысты.

Біздің федерация қайырымдылық іс-шаралардан ешуақытта тыс қалған емес. Мәселен, Алматы қаласындағы №1 балалар үйінде джиу-джитсу залын ашып, қажетті құралдармен жабықтадық. Жаттығу процессін сапалы жүргізу үшін арнайы маман тағайындадық. Қазіргі кезде бір топ балалар сол үйірмелерде тегін жаттығуда. Алматының іргесіндегі Бағанашыл ауылында орналасқан Балалар үйіне де көмектесіп тұрамыз. Сол жерлерде жаттығатын ұл-қыздар федерация есебінен республикалық және жарыстарға шығып тұрады. Ал бүгін демеушілердің қолдауымен өткен шара барысында біз 2019 жылды қорытындылап, жас өрендер арасынан үздіктерді марапаттадық. Сонымен қатар, Балалар үйінің тәрибеленушілеріне сый-сияпат жасадық, – дейді Қазақстан Республикасының бразилиялық джиу-джитсу және грепплинг федерациясының вице-президенті Ақмарал Қанатбаева.