Парламент • 21 Желтоқсан, 2019

Парламент тарихи-мәдени мұраны қорғауға бағытталған заңдарды қабылдады

123 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сенат отырысында «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы»және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң қабылданды.

Парламент тарихи-мәдени мұраны қорғауға бағытталған заңдарды қабылдады

«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» заң жобасының мақсатытарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, ғылыми-реставрациялық және археологиялық қызмет саласындағы қатынастарды кешенді реттеудің тиімді құқықтық негізін қалыптастыру болып табылады.

Заң жобасында тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау, зерделеу, сақтау, пайдалану және кеңінен танымал ету саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеу жүйесін қалыптастыру, тарихи және мәдени объектілерді анықтау, есепке алу, тарихи-мәдени сараптама жүргізу көзделген.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасы тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы заңнамалық базаны жетілдіруді көздейді.

Заң жобасымен еліміздің 5 кодексі мен 7 заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Сенатор Динар Нөкетаева заң жобаларын таныстыра келіп, ондағы басты жаңалықтар туралы хабардар етті:

- тарихи және мәдени ескерткіштерде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу шарттарын, сондай-ақ ескерткіштердің бастапқы келбетін, тарихи және мәдени маңыздылығын жоғалтпауына және олардың бұзылуына жол бермеу мақсатында тарихи-мәдени мұра объектілерінде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру шарттарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу;

- тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау, құрылыс салуды реттеу аймақтарының және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының шекараларын бекіту жөніндегі шекараны анықтауға байланысты міндеттерін әкімшілік рәсімдерді реттеу тетігінің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына беру;                                      

- археологиялық, сәулет, қала құрылысы және тарих пен мәдениеттің басқа да ескерткіштерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жүзеге асыру тәртібі бекітіледі.