«Kastador» ЖШС мердігерлік мекеменің директоры Айдын Альмұхаметовтың айтуынша, оқиғаның себептерінің бірі конструкцияның дәнекерленіп жалғанған бөлігінен болуы мүмкін.
- Тутұғыр конструкциясы 8 бөлімнен тұрады, әр бөлігі бекітілген, алдын-ала тексеру нәтижесінде дәнекерлеу орнының үзілгені белгілі болды. Тутұғыр конструкциясы Түркияда жасалғандықтан, жеткізуші бізге дәнекерленген дайын өнімді жіберді, біз бұл өндірістік ақау деп санаймыз », - деді Айдын Альмұхаметов.
Облыстық әкімдік оқиғаның неден болғанын тергеуге кірісіп кетті.
- Оқиғаны тергеу үшін ведомствоаралық комиссия құрылды, себеп неден болғанын анықтайды. Нысанның тапсырыс берушісі "Теңізшевройл" ЖШС және осы мекеменің қаржысына салынуда, құрылыс аяқталмады, нысан теңгерімге қабылданбады. Тергеу аяқталғаннан кейін жауаптыларға қатысты шаралар қолданылады. Бір де бір адам зардап шеккен жоқ, жабдықтар мен құрылыс нысандары да аман. Мердігер мекеме қалпына келтіру жұмыстарын өз қаражаты есебінен жүргізеді », - деді Атырау облысы құрылыс басқармасының басшысы Мәлік Аманов.