Аталған капсуланы бүкіл жоралғысын жасай отырып, «Ескерткіш аумағы» іздеу жасағының өкілі, Санкт-Петербург журналистер одағының және Ресей Федерациясы Кинематографтар одағының мүшесі Шерхан Әбілов салтанатты рәсіммен тапсырды. Бұдан бұрын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне аталған іздеу жасағының командирі Майдан Құсайынов іс-шараны өткізуге қолдау көрсету туралы өтініш білдіріп, қорғаныс ведомствасының қолдауына ие болды.
Бұдан басқа, музейге «Вечный Ваш подвиг в сердцах грядущих поколений» деп аталатын үстел медалі, ленталар, неміс және орыс тілдеріндегі насихаттау қағаздары, сондай-ақ деректі фильмдер мен Пискарев ескерткіш кешені туралы қосымша ақпараттық материалдар берілген болатын.
1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысының тарихында Пискарев ескерткішінің маңызы зор. Бұл зиратта Ленинград майданында қаза болған 420 мың бейбіт халық, сондай-ақ шайқаста мерт болған 70 мың сарбаз бен офицер жерленген. Ұлы Отан соғысында Ленинград майданына қазақстандықтар да қатысқан. Пискарев зиратындағы бауырластар қорғанында біздің де отандастарымыз да жерленген болуы мүмкін.