28 Шілде, 2013

Шотландия ғалымдары: өзге планеталықтар келіп қалды

567 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Космос-иноплантяне-1

Шотландия математиктері жақында ғана сенсация боларлық жаңалықты хабарлады. Олардың айтуларынша, жерден тысқары жерегі өркениет өкілдері жасаған ғарыштық аппарат-роботтар қазірдің өзінде Күн системасындағы кеңістікті шарлап жүргенсекілді.

Эдинбург университетінің зерттеушілері бұл аппараттар технологиясының өте жоғары деңгейде екені сондай, біздің көзімізге көріне бермейтінін айтады. Өкінішке қарай, оларды көре қоятындай дәрежеде жетілген технология бізде әлі жоқ көрінеді.

Космос-иноплантяне-4

Біз Күн системасының ең шетіне дейін дерлік қашықтыққа ұшып бара алған «Вояджер» ғарыш аппаратын таяуда ғана ұшырдық. Алайда, бізге қарағанда технологиясы анағұрлым ерте дамыған өркениет біздің жүйемізге космос кемелерін әлдеқайда бұрын аттандырып қойды. Мұның өзі сол аппараттардың енді көп ұзамай Жер бетіне де жетіп қалатынын аңғартады.

Өзге планеталықтар тәсілдері

Шотланд математиктері Дункан Форган мен Арвен Николсон өзге өркениет иелері біз үшін ақылға сыймайтын жылдамдыққа жету үшін жұлдыздар граватациясын пайдаланады деген болжамға ұйып отыр. Ғалымдар осы орайда олардың қандай жолмен мұндай жылдамдыққа жетуі мүмкін екенін зерттеп көріп, оның әбден ықтимал нәрсе екеніне де көздерін жеткізген.

Зерттеу барысында ғалымдар мұндай корабльдерді өздерінің жасап шығуларына болатынын байқаған. Бұл гипотеза бойынша ғарыштың түпсіз кеңістігіне тез сіңіп кетіп, көздеген нүктеге баруға болатын көрінеді. «Егер біз осы кезге дейін жерден тыс жаратылыс өкілдеріне космос көгінде кездесе қоймасақ. Бұл біздің осынау Галактикада жалғыз ғана ақыл-ой иелері екенімізді білдірмейді», - дейді олар.

Космос-иноплантяне-3

Өзге планеталықтардың 5 сипаты

Математиктер өзе планеталық кемелерге аспан әлеміне саяхат жасап шығып, біздің Галактикамыздың әр бұрышын 10 миллион жыл зерттеу үшін жарық жылдамдығының 10 пайызына ғана ие бола алса да жетіп жатқанын айтады.

Ал мұндай жылдамдыққа ұшу үшін аппараттарға жұлдыздар граватациясын пайдалануға тура келеді. Америкалықтар ойлап тапқан «Вояджер» аппараты бұл тәсілді қолданып жүр. Алайда, ол әзірге тек біздің системамыздағы планеталардың граватациясының ықпалына түсер болса, бұл корабль өз жылдамдығын қазіргіден де арттыра түседі екен.

Сол сияқты біздің қарапайым көзімізге түсе қоймайтын өзге өркениет әлемінің аппараттары осы кездің өзінде Жерге жетіп, мұндағы тіршіліктің ұңғыл-шұңғылын зерттеуді бастап та кеткен болуы әбден мүмкін.

Өзге планеталықтар Жерге неге келеді?

2011 жылы АҚШ-тағы Пенсильвания университетінің зерттеушілері бі әлі біле қоймайтын, себебі, ешкім тіпті іздестіріп те жүрмеген, алайда, Күн системасының шеңберіне келіп қойған өзге планеталық артефактілер туралы жазды.

Космос-иноплантяне-8

Өзге планеталықтармен байланыс қашан орнауы мүмкін?

Осы кезге дейін жаһан ғалымдары өзге планеталықтармен Жер тұрғындарының ұшырасулары осы жүзжылдықта орын алуы мүмкін екенін талай мәрте атап көрсетті. Әлемдік даңқтары бар бір топ физиктер өзге планеталықтардың таяу арада өздері жайында хабар беретіндіктеріне де сенімді. Бірақ бұл кездесуден бізге ешқандай пайда да боламуы мүмкін. Себебі, жат өркениет өкілдері мұндағы ресурстарды басып алуды көздеп келулері де әбден ықтимал.

«Байланысқабағытталған жеті қадам»

Бір қызығы, жер тұрғындарының өзге планета өкілдерін көріп қалғандары туралы ақпарлар оқтын-оқтын естіліп қалып жатады да, оны ғылыми орта ешқашан ресми түрде дәйектей қоймайды.

Космос-иноплантяне-7

ТҰН-мен кездесулер

Осыдан екі жылдай бұрын Ресей саясаткері, қалмақ ұлтының өкілі Кирсан Илюмжинов өзін 1990 жылдардың басында танылмаған ұшқыш нысан (ТҰН) аппаратымен келген космостық сары кәстөмді адамдардың ұрлап кеткенін айтып беріпті. Оның айтуынша, жатжерліктер мұны жартылай мөлдір космос кемесінің бортына алып барған. Келушілер сол жерде өзара сөйлескен. Бұл одан ештеңе ұқпаған.

АҚШ-тың Кентукки штатында 1970 жылы ТҰН-дар туралы көптеген алып-қашты әңгімелер гулеп тұрды. Солардың арасында бірнеше әйелдің өздерін келушілердің ұрлап әкеткендері жайлы әңгімелері елді бірден елең еткізді. Ғалымдар бұл үш әйелді гипноз жағдайына түсіріп, әңгімелерін тыңдағанда, бәрі бір-бірлерінің сөздерін қайталап шыққан. Олар сондай-ақ жалғандық детекторынан да өте сәтті өткен.

Мұның бәрі өзге планеталықтардың Жер тұрғындарын әр кезде ұрлап әкетіп тұрғандары туралы әңгімелердің шындыққа жанасымды екенін дәлелдей түседі. Солардың бірі – Техастағы мұнай өңдеуші кәсіпорынның қызметкері Ронни Доусон өзін өзге планеталықтардың қалай ұрлағанын және одан қалай қашып құтылғанын жыр етіп айтып берген. Бұған дәлел ретінде ол өзі түсіріп үлгерген танылмаған ұшқын нысан бейнеленген суретті ұсынған.  

Аса ірі ТҰН сондай-ақ Техастағы Дайесс әскери-әуе базасы ауданы маңында да көзге түскен. Осында тұратын бірнеше куәгер бұл нысанды бірнеше рет көргендерін мәлімдеген. Алайда, бұлардың шын мәнінде сырттан ұшып келген тәрелкелер болғанын нақтылы дәлелдейтін деректер жоқ.

ТҰН ретінде қабылданған 7 нысан

Голливудта түсірілген «Қара киімді адамдар» атты фильмнің авторлары өздерінің ТҰН өкілдерімен байланыстары болғандарын уәжіп етеді.

Соның ішінде ТҰН-ға қатысты оқиғаларды зерттеумен айналысып жүрген доктор Хопкинс деген біреу мынадай қызықты оқиғаны айтып беріпті. 1978 жылы оған бір құпиялау кісі телефон шалып, өзін ТҰН-мен байланысты ұйымның өкілі екенін мәлімдейді. Осыны айтқан еркек бұған оңаша кездесуді ұсынады. Ал Хопкинс кездесуге уәде берген бойда телефон байланысы үзіледі де, артынша есіктің қоңырауы шалынады.

Бұл кезде босағада бас тып-тықыр, қастары қырылған, қаншама бояу жағылғанымен еріндерінің жоқтығы білініп қалатын бір ер кісі тұр еді. Келген адам бірсыдырғы өзгермес дауыспен сөйлеп, бұдан ТҰН саласындағы барлық зерттеу жұмыстарын тоқтатып, материалдарының бәрін жойып жіберуін өтінеді. Ал соңында келген қонақ күндізгі жарыққа жұтылып, бірден жоқ болып кетеді.

Кейін Хопкинс бұл адамды тағы бір рет, бір әйелдің жанында көріп қалады. Доктордың айтуынша, оның қуанышына қарай, бұл олардың ең соңғы рет ұшырасулары болыпты.

Мұрат Айтқожа.