Спорт • 22 Желтоқсан, 2019

Жанбота Алдабергенова әлем кубогінде үздік төрттікке енді

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың Чанчунь қаласында фристайл-акробатикадан әлем кубогінің алғашқы кезеңі өтуде. Қазақстан командасының көшбасшысы Жанбота Алдабергенова әлемдік сыннан төртінші орын алды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Жанбота Алдабергенова әлем кубогінде үздік төрттікке енді

Жанбота 80.9 ұпаймен төртінші орынға табан тіреді. Алтын жүлдені қытайлық Хью Ментаго (105.5), күміс жүлдені белоруссиялық Александра Романовская (93.4), қоланы австралиялық Лаура Пииль (86.7) иеленді. 

Айта кетейік, бұл Жанботаның маусымдағы үздік көрсеткіші. Ол 2016 жылы әлем кубогі кезеңінде күміс жүлдегер атанған.