Қоғам • 22 Желтоқсан, 2019

Елорда көшелерінен 17 030 текше метр қар шығарылды

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қала көшелеріндегі қар тазалығына 974 техника бірлігі мен 1822 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елорда көшелерінен 17 030 текше метр қар шығарылды

Ал 919 техника бірлігі мен 297 жұмысшы түнгі ауысымға шықты.

Айта кетсек, 20 желтоқсан күні қала сыртындағы полигонға 1 419 рейс жасалып, 17 030 текше метр қар шығарылды. Жалпы, қыс басталғаы бері 879 635 текше метр қар (73 303 рейс) полигонға жөнелтілді.