Екі жыл бұрын интернет бетінде Мәскеудегі Мавзолейден түсірілген түсініксіз бейнебаян пайда болды. Бейнебаянда табыттың ішінде жатқан Лениннің денесін жоғары қарай көтере беріп қайта жататыны бейнеленген. Басында бұл бейнебаян аса бір қызығушылық тудырған жоқ. Себебі, қазіргі коммуникацияның дамыған заманында бейнемонтаж арқылы неше түрлі туындыларды ойлап табуға болатыны ғажап емес. Десек те, аталмыш бейнебаян америкалық зерттеушілерінің қолына түсіп, мамандардың қызығушылығын тудырса керек.
«Біз бейнебаянды жақсылап зерттей келе, оның нәтижесіне таң қалдық. Біздің мамандар бұл бейнебаянда ешбір монтаждың, әсірелеу мен кадр қосудың белгілерін таппады. Оның үстіне, бейнебаянның үстіңгі жағында көрсетілген уақыт Мавзолейде қолданылатын камералардың көрсеткішімен жүз пайызға сәйкес келеді», – дейді америкалық мамандар.
Айдар Өрісбаев.