Қоғам • 23 Желтоқсан, 2019

Алматыдағы Назарбаев зияткерлік мектептерде спартакиада басталды

229 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде баскетболдан, химия-биология бағытындағы мектепте волейболдан республикалық ІІ желілік спартакиада ойындары басталды.

Алматыдағы Назарбаев зияткерлік мектептерде спартакиада басталды

Спартакиада алаңы еліміздің аймақтарынан келген спортшыларды ерекше жағдайда қарсы алып, мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасымен басталды.

Назарбаев Зияткерлік мектептерін дамыту жөніндегі маман Ақмарал Идирисованың айтуынша, ІІ желілік спартакиада футзал, баскетбол, волейбол, тоғызқұмалақ ұлттық ойындарын өткізумен басталған. Қазіргі кезде футбол мен тоғызқұмалақ ойындары өз мәресіне жетіп, балалардың демалыс күндерінде баскетбол және волейбол ойындарымен жалғасын табуда. Алматыдағы химия-биология бағытындағы мектепте қатысушылар волейболдан бақ сынасып жатса, физика-математика мектебінде баскетболшылар жарысқа түсуде. ІІ желілік спартакиаданың мақсаты академиялық іс-шаралармен ғана емес балалардың спортқа қызығушылығын, сондай-ақ зияткерлік мектепте білім алып жатқан балалардың достық қарым-қатынасын нығайтуды көздейді. Баскетбол ойындарына аймақтық ойындардан озық шыққан  6 қыздар және 6 ұлдар командасы жиналған.  

Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің денешынықтыру пәнінің оқытушысы Серік Темірғалиевтың айтуынша, ақтық финалға дейін топтық ойындар өтті. Соның нәтижесінде жеңіске жеткен үздік 2 команда финалдық ойынға қатысуға Алматыға келген.  «Үздік ойыншылардан жасақталған екі команданың, сондай-ақ осы жарысқа келген әрбір команданың өзіндік дайындық әдіс-тәсілдері бар. Барлық командалар жеңіске лайық. Сондықтан да үздіктер спорт алаңында өзінің тапқырлығы, ұшқырлығына сене отырып жеңіске жетеді»,- дейдіСерік Темірғалиев.

Қазіргі кезде аймақтық кезеңнің волейболдан үздіктері химия-биология бағытындағы мектепте бақ сынасуда. Нұр-Сұлтан, Павлодар, Қарағанды, Шымкент, Ақтөбе, Орал қалаларынан жиналған спортшылар үш күн бойы  жарыс додасына түсіп, үздіктер іріктелетін болады.

                                                                                                                

АЛМАТЫ