Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2019

Алматыда алғаш рет Аяз балалардың шеруі өтті

177 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әдетте, жыл сайын Жаңа жыл мерекесі қарсаңында көңілі қаяу балаларды қуанту үшін түрлі шаралар ұйымдастырылып жатады. Бұл жолы Алматыда бірінші рет балалар үйлері мен арнаулы мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері қала тұрғындарына өздері сыйлық үлестіруге шықты. Осылайша мегаполисте алғашқы Аяз балақайлар шеруі өтті

Алматыда алғаш рет Аяз балалардың шеруі өтті

Шынында да балаларға айтарлықтай шаттық сыйлаған мерекелік шеруде 100-ден астам балақай би мен музыкаға ілесіп, қалалықтарға көңілді флэш-мобтар көрсетті. Күтпеген жерден пайда болған жүздеген Аяз бала мандариндер мен тәтті күлшелер таратып, тамаша көңіл-күй сыйлады.

Қалалықтарды да бір қуантып өткен бұл шеруді Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Аяла» қайырымдық қоры өткізді.

Әйтпесе, дәстүр бойынша бірінші кезекте Жаңа жыл алдында балалар үйлері мен мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілерін қуантуға тырысатынымыз белгілі. «Аяз Атаға хат» жазған балалардың асыл тілектері орындалады. Дегенмен, биыл Алматыдағы Аяз балақайлар шеруін ұйымдастырушылар бұл дәстүрді өзгертті.

«Әрине, біздің іс-шараның басты мақсаты – өз қаламыздың тұрғындары үшін мерекелік көңіл күй сыйлау. Бірақ біз Жаңа жыл мерекесінде көп көңіл бөлінетін мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілері өздерінің де сыйлық беріп, көңіл бөлудің өте жақсы екенін сезгенін қаладық. Біздің қор Қазақстанда қайырымдылық мәдениетін қалыптастыруға көмектесуге тырысады. Күнкөрісі төмен отбасылардың балалары іс-шараларға қатысып, айналасындағы адамдарға көңіл бөлуі және жылы лебіз білдіруі олардың қайырымды, ықыласты және жомарт адам болып өсуіне көмектесетініне сенімдіміз», – деді «АЯЛА» қайырымдылық қорының президенті Айдан Сүлейменова.

Сонымен Аяз балақайлар шеруі Алматыдағы Панфилов көшесінің жаяу жүргіншілер жағымен Төле би даңғылынан Жібек жолы көшесінің Абылай хан даңғылымен қиылысына дейін жалғасты. Жол бойы балалар тәжірибелі аниматорлардың жетекшілігімен 3 флэш-моб өткізіп, жүргіншілерді құттықтап, мандариндер мен тәттілер таратты.

1

«Аяз балақайлар парадына қатысу балаларға мерекені өздері де жасай алатындықтарына сендіріп, ұмытылмастай сәттер сыйлайтынына, сондай-ақ қоғамнан болашақта одан да көп алу үшін оған қазір бірдеңе берудің міндетті екенін түсінетініне сенімдіміз», – дейді ұйымдастырушылар

Салтанатты оқиға аяқталғаннан кейін барлық Аяз балақайларды Zheka’s дәмханасы қонақ етті. Әлбетте, ұйымдастырушылар бұл күннің одан да тамаша және есте қаларлық болуы үшін әр балаға тәтті сыйлықтар берді.   

 

 

АЛМАТЫ