Руханият • 23 Желтоқсан, 2019

Ұлттық музейде сақ дәуірі ескерткіштерін зерттеу мәселелері талқыланды

656 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық музейде «Сақ дәуірі ескерткіштерін зерттеудің заманауи мәселелері» атты семинар өтті. Бұл туралы музейдің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық музейде сақ дәуірі ескерткіштерін зерттеу мәселелері талқыланды

Қазақ жерінде сақ мәдениетін баяндау, дәлірек айтсақ, сол кезеңнің археологиялық ескерткіштерінің зерттелуі аса қызықты құбылыс саналады. Ерте көшпелілер мәдениетінің айшықты көрінісі далалық зерттеулерден табылған бірегей жәдігерлер екені анық. Сонымен қатар, осынау зерттеулер негізінде өлкелердегі сақ мәдениеттерінің шығу тегі, ескерткіштердің ерте типтері және олардың архаикалық ерекшеліктері, мәдениеттердің өзара алыс-жақындығы анықтау өзекті тықырып.

Семинар барысында аталған мәселелермен тың зерттеулер жаңаша қорытындылар жасауға мүмкіндік берді. Осыған орай сақ мәдениеті бойынша зерттеу жұмыстарын заманауи әдістер негізінде қайта қарастыру туралы мәселелер қозғалды.  

Семинарға т.ғ.к., археолог-ғалым А.З. Бейсенов, Мемлекеттік Эрмитаждың Шығыс Еуропа және Сібір археология бөлімінің аға ғылыми қызметкері т.ғ.к., металл зерттеуші технолог-маман Е.А. Шаблавина, ҚР Ұлттық музейі «Халық қазанасы» ҒЗИ башысы т.ғ.к., А. Оңғар қатысты.

Шара барысында археология саласы бойынша жүйелі зерттеулер негізінде баяндамалар жасалды. Сонымен қатар т.ғ.к., археолог-ғалым А.З. Бейсенов Орталық Қазақстан өңірінен тапқан Ерте темір дәуіріне тән жүзден астам құнды жәдігерді Ұлттық музей қорына тапсырды.