Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, Олий Мажлиси заң шығару палатасына Өзбекстан либерал демократиялық партиясынан 43 депутат сайланып, парламентте басымдыққа ие болды.
Сондай-ақ «Милий тикланиш» демократиялық партиясынан - 35 депутат, «Адолат» социал-демократиялық партиясынан - 21 депутат, Халық демократиялық партиясынан - 18 депутат, Өзбекстан Экологиялық партиясынан - 11 депутат сайланған.
Сайлау барысын 1150 шетелдік БАҚ өкілі бақылап отырған. Солардың қатарында Қазақстан сенаторлары Ерболат Мұқаев және Ғұмар Дүйсембаев сайлауға ТМД ПАА және ЕҚЫҰ ПА байқаушылар миссиясына қатысқанын жазған едік.