29 Шілде, 2013

Генерал Алмас Әсенов 11 жылға сотталды

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Генерал-пара

Қорғаныс министрлігі қару-жарақпен қамту басқармасының бастығы болған, генерал Алмас Әсенов 11 жылға сотталды. Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының шешімімен ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болды. Бұл туралы «1 Еуразия» телеарнасы хабарлады.

Биылғы қаңтар айында құқық қорғау қызметкерлері А. Әсеновті 200 мың доллар пара алып жатқан жерінен қолға түсірді. Ол параны әскери техникаларды жөндегені туралы «Укрспецэкспорт» компаниясы қызметкерлеріне жалған құжат рәсімдеп бергені үшін алған көрінеді. Әскери соттың шешімімен А. Әсеновке пара берген Украина азаматтары Александр Школяренко мен Александр Хрулев кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандықтарынан айрылды. Екеуінің де мүлкі тәркіленді.

Әскери техниканы жөндеу келісіміне байланысты жасалған құжаттар тізімінде былтыр Шымкент маңында апатқа ұшыраған АН-72 ұшағы да бар болып шықты.

Данияр Түймебай.