29 Шілде, 2013

Ашынған аюлар адамдарға шабуыл жасады

466 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Медведь

Ресейдің солтүстік-батыс федералды округі құрамына кіретін Карелия республикасында орналасқан «Үш аю» хайуанаттар бағында аңдар бір күн ішінде адамдарға екі рет шабуыл жасаған. Бұл туралы «Lifenews.ru» ақпарына сілтеме жасай отырып, РИА «Новости» хабарлады.

Бірінші шабуыл бүгін түнде орын алды. Хайуанаттар бағының жұмысшысы Юрий Л. қызына аңдарды қалай тамақтандыратын көрсетпек болып оны тордың ішіне алып кірген. Юрий тамақ бермек болып қолын соза бергенде, Тишка есімді алты жасар аю оған атыла кеткен. Абырой болғанда, кішкентай қыз көмек шақырып әкесінің өмірін арашалап қалған.

Аяқ пен қолдары жарақаттанған Юрийді жедел жәрдем қызметі ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер операция жасап, қазір оның өміріне ешбір қауіп төніп тұрған жоқ екенін айтады. «Біз жүгіріп келіп, Юраны аюдың астынан жұлып алдық, – дейді оның әріптестері. – Юра мас болған, ал Тишка алкогольдің иісін жек көреді. Негізі Тишка өте тыныш әрі мейірімді аю, оның мұндай әрекетке баруына алкогольдің иісі себепші болған көрінеді».

Екінші оқиға дәл осы жерде бүгін күндіз орын алып отыр. Бұл жолы жыртқыш аңның шабуылына хайуанаттар бағына ұлымен келген 29 жасар Дмитрий С. ұшырады. Оған Даша есімді аю шабуыл жасаған. Куәгерлердің айтуына қарағанда, аю тордың артына қарай шегіне беріп алға қарай жүгіре жөнелді. Алдында тұрған қоршаудан секіріп өткен ол Дмитрийге қарай ұмтылған. Хайуанаттар бағының жұмысшылары араға аңшылыққа үйретілген иттерді салып жүріп, әрең дегенде ер азаматты құтқарып қалды. «Содан соң ашынған аюды мекеме директоры өз қолымен атып өлтірді», – дейді куәгерлер.

Дмитрий тез арада ауруханаға жеткізілді. Оның бас терісі сыпырылып, денесі ауыр жарақаттанған көрінеді. Операциядан кейін дәрігерлер оның жағдайы бірқалыпты екенін хабарлады.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20