Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2019

Аймақ басшысы ақындарға құрмет көрсетті

547 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов белгілі  журналист, ақын  Қаршыға Есімсейітова мен екі дүркін «Алтын домбыра» иегері, айтыскер ақын Мұхтар Ниязовты қабылдады.

 

Аймақ басшысы ақындарға құрмет көрсетті

Еңбек жолын «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде бастаған Қаршыға Есімсейітова әр жылдары республикалық халық  шығармашылығы орталығында, Қазақ радиосында қызмет еткен. Қазір  Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалын басқаратын Қаршыға Құрмашқызы «Таңбалы тас», «Қорқыт», «Мұстафа Шоқай», «Сыр  өңірінің тұлғалары» атты сериялы деректі фильмдердің, бірнеше кітаптың авторы.

Ал екі мәрте «Алтын домбыра» иегері, айтыскер ақын Мұхтар Ниязов жуырда Орал қаласында өткен «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты  республикалық ақындар айтысында жүлделі І орынды иеленіп, «Айтыстың ақтаңгері» атанды.

Қабылдауда аймақ басшысы биыл өңір руханиятындағы негізгі жаңалықтарды атап өтіп,  Қаршыға Есімсейітова мен Мұхтар Ниязовқа   облыстың Құрмет грамотасын табыстады. Дәстүрлі өнерге өзгеше өрнек қосқан Мұхтар ақынға домбыра сыйлады. Белгілі меценат, талай дарынды жасқа демеушілік танытып жүрген кәсіпкер Мұрат Сәрсенбаев айтыскер ақынға жеңіл автокөлік кілтін табыс етті.

Қабылдау соңында қос ақын өздеріне көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдіріп, ел ықыласына алғыстарын жеткізді.

12