29 Шілде, 2013

Муайтайдан Еуропа чемпионы

421 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақында Португалияның Лиссабон қаласында муайтайдан өткен Еуропа чемпионатында отандастарымыз Вадим Лопарев пен Еламан Саясатов бас жүлдені жеңіп алды.

Бұл бәсекеде біздің жігіттер 5 жүлдені иеленді. Соның ішінде Еламан деген атыраулық жас жігіт жастар арасында 45 кило салмаққа дейінгі сында чемпион атанса, тағы үш жігітіміз күміс жүлдеге ие болды. Олар – Абылай Құралбаев (48 кг), Райымбек Сембек (60 кг) және Олжас Қалижан (71 кг). Ал ересектер арасында Вадим 75 килоға дейінгілер бәсекесінде алдына жан салған жоқ. Бұдан басқа оның төрт әріптесі күміс жүлдегер атанды. Ишан Ғалиев (54 кг), Аман Қабдоллаев (57 кг), Тахир Агишев (63,5 кг) пен Рүстем Ақжанов (71 кг) күміс жүлдемен күптелсе, 67 кило салмаққа дейінгілер жарысында Рүстем Әшімбаев қола медальді қанағат тұтты. Естеріңізге сала кетсек, Аман Қабдоллаев деген жігітіміз былтыр да жастар арасында өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған болатын.

Дастан КЕНЖАЛИН,

«Егемен Қазақстан».