Медицина • 25 Желтоқсан, 2019

Жаңаөзенде медиацияны оқыту семинары өтті

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Мектеп – даусыз аймақ» республикалық пилоттық жоба аясында 2019 жылы бойы Маңғыстау облысының 2 қала мен 5 аудан орталықтарында медиацияны оқыту семинарлар ұйымдастырылды. Осы семинарларда білім саласының қызметкерлеріне мектеп медиация негіздері бойынша егжей-тегжей ақпарат түсіндірілді, деп хабарлады Маңғыстау облысы Ассамблея хатшылығы баспасөз қызметі.

Жаңаөзенде медиацияны оқыту семинары өтті

Мектеп медиациясы - білім беру процесіне қатысушылар (оқушылар, оқушылар мен ата-аналар) арасындағы дауларды, жанжалды жағдайларды шешуге бағытталған инновациялық әдіс.

Жаңаөзен қалалық коворкинг орталығында медиация бойынша практикалық семинар өтті. Кездесуге Достық үйінің медиация кабинетінің меңгерушісі С.Саталиева, Жаңаөзен қаласындағы ҚХА өкілі Е. Қалиев, кәсіби медиаторлар Ж.Ахметова және Ж.Рахманова, жергілікті мектептер мен колледждердің ұжымдары қатысты. Бұл семинарда мектеп медиациясының мәселелері талқыланды. Жібек Ахметова тәрбиешілер арасында «Медиация», «Мектеп медиациясы», «Кәсіби медиатор» және «Кәсіби емес медиатор» ұғымдары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Өз кезегінде, Ж.Рахманова жиналғандарға  кәсіби медиатор ретіндегі тәжірибесінен бірнеше мысалдар келтірді. Қатысушылар арасында ақпараттық материалдар таратылды. Семинар модераторлары қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді және оларды татуластыру қызметімен тығыз байланыста болу үшін тегін оқудан өтуге шақырды. Шара соңында барлық қатысушыларға «Медиация негіздері» атты сертифкаттар табысталды. Бұл әлеуметтік маңызы бар шараға барлығы 30 адам қатысты.